ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН СЕНАТ МӘЖІЛІСКЕ ҚАЙТАРДЫ

20:00, 19 қараша 2020

 Алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджеттің жалпы сомасы - 41,8 трлн теңге.  Оның жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. 
Нәтижесінде, дәрігерлердің жалақысы үш жыл бойы жыл сайын 30, ал мұғалімдердің табысы 25 процентке артады. Сонымен қатар, инфрақұрылымдарды дамыту, Орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдау мен әлеуметтік аз қамтылғандаррға арналған баспана құрылысына бөлінеді. Ал эпидахуал нашарлап, қатаң карантин енгізілетін болса уақытша табысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем үшін қаржы бөлу  қарастырылмаған. Алдағы 3 жылға бағытталған бюджетті жоспарлауда да шикіліктер бар. Осыған байланысты Сенат заң жобасын мәжіліске қайта қарауға жіберді. 
АЛТЫНБЕК НҰХҰЛЫ 
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
 Келесі жылы эпидахуал тұрақтанбайтын болса  56.56. қаралып отырған заң жобасында бұл мақсаттар қарастырылмаған. Осыған байланысты біржолғы әлеуметтік төлем көлемінің 42500 т екенін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мүмкіндіктері қандай?

БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ  
ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
 Пандемияның күрделенуіне қатысты ел президенті көктемдегідей қатаң карантинді тежеуді тапсырғанын білесіздер. Өз кезегінде экономикалық жағдай нашарлаған жағдайға Үкіметтің, Ұлттық банктің және қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл жоспары бар. Сол жоспар шеңберінде жұмыспен қамту және де халықты әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...