ШҰҒЫЛ! Ақтөбе облысы көш бастап тұр Толығырақ

"Алға, Ақтөбе" тобы республикалық байқауда жүлделі ІІ орынды иеленді

18:38, 28 желтоқсан 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған конкурстың мақсаты – халыққа «Қазақстан» РТРК АҚ филиалдарының қызметін насихаттау, аймақ қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін арттыру.

Байқау шарты бойынша әр аймақ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздікке тарту" тақырыбында танымдық бағдарлама ұсынды. Бағдарламаның бағыты мен форматына шектеу болған жоқ.

Барлық аймақ филиалдары www.kaztrk.kz порталындағы онлайн дауыс беру арқылы іріктеліп, конкурс жеңімпаздары онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша анықтады.

Байқау корпорация қызметкерлері мен аймақ филиалдары арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға, қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, үздік бағдарламаларды анықтап, оларды халық арасында танытуға мүмкіндік берді.

Конкурс нәтижесінде "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасының "Алға, Ақтөбе" тобы 2896 дауыс жинап, екінші орынды иеленді. Бүгін Астанадағы "Қазмедиа" орталығында өткен марапаттау кешiнде "Жаңалықтар" қызметiнiң редакторы, тележүргiзушi, жеңiмпазымыз Әнуарбек Мырзатайұлына "Қазақстан" РТРК Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев диплом және ақшалай сыйлықты табыстады. 

Байқауға шығармашылық ұжым ұсынған "Тәуелсiз елiм бар" хабары Мұғалжар ауданына арнаған болатын. Жобада мұнайлы өлкенiң тыныс-тiршiлiгi, тарихы, дамуы туралы көрсетiлген. Бағдарлама режиссері - Жайдарман Ізмағанбетова, оператор - Жанәділ Сағиев.

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
19:28, 23 қаңтар 2018
Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
14:17, 18 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
Толығырақ...