ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

АЛҒА АУДАНЫНДА 200 ЖАС КӘСІП АШТЫ

19:06, 21 қазан 2019

Ия, Алға ауданында шағын және орта  бизнес саласы өркендеп келеді. Қазіргі күні аймақта 2000-ға жуық кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырғандардың арасында жастардың үлесі де аз емес. "Жас кәсіпкер" форумы аясында мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға ие болып, бизнес бастаған жастардың жұмыстары көрмеге қойылды. Кофе - әлемдегі ең танымал сусындардың бірі. Ұйқыдан оятып, сергектік сыйлайтын тиімді тәсіл саналады. Қазіргі таңда кофе ішу қажеттілік қана емес, жастар арасында сәнге айналғаны да жасырын емес.  Облыс орталығында әрбір таяқ тастам жерде ашылғанымен, Алға ауданында бірде бір кофехана жоқ екен. Нарық сұранысын Данагүл Кемал ескергенге ұқсайды.Ал, Пакиза Мұхамбетованың жасы 23-те. Бойжеткен жуырда Атамекен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен "Бастау" бағдарламасына қатысып, бизнестің қыр-сырын меңгерді.  505 мың қайтарымсыз несиеге ие болды.Қаржыға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, ауданның аруларын әсемдеуге кірісіп кетіпті."Бастау"  жобасы арқылы бизнесін кеңейткендердің бірі- Арай Исмагулова. Кәсіпкерліктің  негізгі тетіктерін үйренген ол, ауданда фотостудия жұмысын жаңғыртпақ.Алғадаа шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда  ауданда 2000-ға тарта кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. 200-ден астам  жас өз кәсібін ашқан.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар