ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

17:42, 10 тамыз 2018

Ақтөбеде Алға ауданының күндері басталды. Екі тәулікке жоспарланған бағдарлама аясында қала тұрғындары түрлі мәдени іс-шараларға куә болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалай алады. Аудан күні облыс орталығындағы Виктор Пацаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды.

Ғарышкер ескерткішінің жанына қала және облыс әкімдігінің қызметкерлері мен Ақтөбеде тұратын алғалықтар жиналды. Олардың арасында, еңбек ардагерлері мен түрлі саланың қызметкерлері де бар. Адамзат тарихында ғарышқа ұшқандардың бірі Алғаның тумасы екені тек жерлестері үшін ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышы. Сондықтан да оның есімін ұлықтап, әр ұрпақтың жадында сақтау парызымыз дейді жиналғандар.

ЕВГЕНИЯ КУЗЬМЕНКО, АРДАГЕР

-  Жастар батырдың есімін ұмытпау керек. Себебі, Виктордың ерлігі мәңгі. Мен қызмет еткен Алғаның Пацаев атындағы орта мектепте тұлғаға қатысты түрлі шаралар жиі өтіп тұрады. Келер ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Музейі де бар. Сондықтан осындай шаралар жиі өткені дұрыс.

Виктор Пацаевтың ескерткіші орналасқан маң алдағы уақытта жаңа кейіпке енбек. Шараға қатысқан қала әкімі Ілияс Испанов абаттандыру жұмыстары туралы айтып өтіп, негізгі жобасын жиналған қауымға түсіндірді. Белгілі болғандай, жаңарту ісі Әбілқайыр хан даңғылының жиегін толық қамтиды. Қазірдің өзінде жүргішілер жолының асфальт жабындысы алынып, тиісті жұмыс қолға басталған. Шамамен қыркүектің ортасына дейін толық аяқталады.

Алғада туып-өскен танымал тұлғаның рухына тағзым етуден басталған бағдарлама екі күнге созылады. Осы аралықта көптеген іс-шаралар өткізу жоспар да бар. 

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар