ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

АЛЛЕРГИЯ УШЫҚТЫ

17:35, 3 наурыз 2020

Өткен жылы 227 адам  дәрі ішіп, аллергияға шалдыққан. Аптасына 3 адам анафилактикалық шокпен арнайы орталыққа түседі. Дәрігерлер өз бетімен емделудің денсаулыққа зиянды екенін жиі ескертсе де тұрғындар құлақ асар емес. Аллергия мен адам өміріне төнген қауіп туралы тілшіміз айтып береді.  Арнайы дәрі қобдишасы жоқ үй болмайды. Дегенмен бас ауырып, балтыр сыздағанда қолымызға түскен дәріні іше салатынымыз жасырын емес. Бұл әдет адам өміріне аса қауіпті. Ақтөбелік аллерголог мамандардың айтуынша, дәрігердің тағайындауынсыз дәрі ішіп, аллергияға шалдыққандар саны артты. 
СВЕТЛАНА ЕСЕКЕЕВА
ОБЛЫСТЫҚ АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ
  Біздің орталыққа анафилактикалық шокпен аптасына 2-3  адам түседі. Ал, жыл басынан бері дәрі қабылдап, аллрегияға шалдыққан 227 науқас ем қабылдады.  Олардың басым көпшілігі түрлі антибиотик пайдаланған. Ауыр халде жеткізілгендер, тіпті, қан қысымының көрсеткіші 30/40-қа дейін түсіп келетіндер бар. Олар жан сақтау бөлімінде жатып, ем алып, аман қалды. 

ЗАМЗА ХАЙРУЛЛИНА
ОБЛЫСТЫҚ АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Орталыққа 1 жарым жастағы баланы әкелді. Ажал аузынан аман алып қалдық. Анасы баланың үстіне шыққан жараны кетіремін деп тетрациклин мазіне ампициллин таблеткасын ұнтап салып, араластырып жаққан. Нәтижесінде Джонсон Стивенсон синдромы көрініс беріп, бала қатты қиналды. Анасынан сұрағанымызда кімнің кеңес бергенін  айтпады. Біздің айтарымыз - өз бетімен емделуге болмайды. 
 Аллергияны дер кезінде байқап, науқасқа  жәрдем берілмесе, ол өліп  кетуі мүмкін. Сондықтан ауыр халге түскен науқасты көргенде қандай көмек берген дұрыс.

СВЕТЛАНА ЕСЕКЕЕВА
ОБЛЫСТЫҚ АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Аллергияға шалдыққан адамның кеуде тұсын ашып, таза ауамен тыныстауына мүмкіндік жасаған жөн. Науқас үшін оттегі маңызды екенін естен шығармаңыз! Егер үйіңізде диазалин немесе супрастин таблеткалары болса, ішкізуге болады. Ал егер науқас мазь жағып, аллергияға тап болған болса онда дереу май жағылған жерді ағын сумен жуыңыз! Егер көзге сілті немесе дәрі тисе, шұғыл түрде сумен шайып, жуып тастау керек. 
Аллергия айтып келмейді. Ол жас талғамайды, уақыт күтпейді. Сондықтан мамандар осы дертке шалдыққан адамдардың арнайы диета ұстағаны жөн деп санайды. 

Бибіжан Мұратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар