ШҰҒЫЛ! Ақтөбеде төртінші рет аттестациядан өтпеген мектептер бар Толығырақ

Алтай Республикасының Қош-Ағаш ауданында «Мен қазақпын» жобасы бойынша іріктеу өтті

19:52, 16 шілде 2017

Мен қазақпын» жобасының Ресей Федерациясы Алтай Республикасының Қош-Ағаш ауданындағы іріктеу кезеңі аяқталды.

15 өнерпаз дәстүрлі ән, күй, жыр-терме бойынша сайысқа түсіп, мықтыларды анықтады.

«Дәстүрлі ән» номинациясында Гүлнұр Мамырxанова, «Күй» номинациясында Арнагүл Қомашева, «Терме» номинациясы бойынша Арайгүл Жайлаубаева жеңімпаз деп танылды. 

Қош-Ағаш - Алтай Республикасының қазақтар көп шоғырланған ауданы.

Республикадағы 13 мыңнан астам қазақтың 10 мыңға жуығы осында қоныстанған.

Айта кетсек, жобаның шетелдердегі іріктеу кезеңі өткен аптада Қытай Халық Республикасының Шыңжан өлкесінен басталған болатын. Үрімші қаласында өткен байқауға 22 өнерпаз қатысты. Кезек - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында.   Ал, еліміз бойынша 14 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген іріктеулерде барлығы 460 үміткер бақ сынады. 19-шілдеде Астана қаласының қатысушылары жолдаманы сарапқа салатын болады. Төл өнерімізді дәріптеуге бағытталған жаңа халықаралық жоба көрермендерге Ұлттық арнадан ағымдағы жылдың 3-қыркүйегінен  бастап  жол тартады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Шаһар басшысы Қурайлы ауылының тұрғындарымен кездесті
18:37, 20 қыркүйек 2017
Шаһар басшысы Қурайлы ауылының тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Ақтөбелік белсенділер Елордаға барады
18:01, 20 қыркүйек 2017
Ақтөбелік белсенділер Елордаға барады
Толығырақ...
Шағын және орта бизнес нысандарын тексеру азайды
17:20, 20 қыркүйек 2017
Шағын және орта бизнес нысандарын тексеру азайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
19:34, 14 қыркүйек 2017
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
Толығырақ...
Ұлағатты ұстаздың құрметіне ескерткіш тақта ілінді
18:48, 15 қыркүйек 2017
Ұлағатты ұстаздың құрметіне ескерткіш тақта ілінді
Толығырақ...
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
16:45, 14 қыркүйек 2017
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
Толығырақ...