ШҰҒЫЛ! 500 МЛРД ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ Толығырақ

АЛТЫ АЙДА 9305 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ

19:43, 10 шілде 2018

Алғашқы алты айда 9 мың ақтөбелік әкімшілік құқық бұзып, 365 жасөспірім тәртіп сақшыларының есебіне алынды. Ілияс Испановтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында негізгі үш мәселе қаралды. Құқық бұзушылықтың алдын алу, есепте тұрған балалармен жұмыс және көп қабатты үйлердің мәселесі айтылды. Алдымен тәртіп туралы  қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытбек Сыдықбаев баяндады. Белгілі болғандай шаһарда 208 бейне бақылау камерасы орнатылған. Осы арқылы 65 қылмыстың беті ашылған. 9 мың 305 әкімшілік құқықбұзушылықтың 7 мыңы жол ережесін бұзғандар болып шықты.

БАҚЫТБЕК СЫДЫҚБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

- Бейнебақылау орнатылған аулалар мен аумақтарда тәртіп бұзушылық азайды. Камера арқылы  ұрлық, бұзақылық және тонау сияқты қылмыстар анықталды. Смарт сити жобасы аясында биыл тағы 130 цифрлы бейнекамера орнату жоспарлап отырмыз. 

Жергілікті полиция қызметінің бастығы бұл камераларды жыл соңына дейін орналастырамыз деді. Ол үшін облыстық ішкі істер департаментіне өтініш жіберіп, қылмыс жиі орын алатын аймақтарды белгілейміз деп отыр. Осыған сәйкес, қала әкімі Ілияс Испанов халық көп баратын нысандар жауапкершілікті өз мойындарына алып, смарт сити жобасына қосылу керек деп тапсырды. Яғни ірі мейрамханалар мен ойын сауық орталықтары бейнебақылау камераларын өз қаражаттарына орнатуы тиіс.

ІЛИЯС ИСПАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Сіздің міндетіңіз камера орнатылуы тиіс нысандарды белгілеуіңіз қажет. Мәселен қалалық әкімдік болса, қала әкімінің атына өтініші жазып, шамамен 5 камера орнату қажет екенін көрсетесіз. Мекеме өздері бейнебақылауды қойған соң смарт сити жобасына қосылады. Бұл әсіресе жуырда ашылған ірі ойын сауық оралықтары мен мейрамханаларға қатысты мәселе.         

Жиында кәмелет жасқа толмаған ақтөбеліктердің тәртібі туралы баса айтылды. Полицейлер құқық бұзушылықтың алдын алу үшін 52 шара өткізіп, нәтижесінде 365 жасөспірімді есепке алды. 10 адамды  ата-ана құқығынан айырды. Түнгі мезгілде жүрген 1273 бала ұсталып, 800-нің ата-анасы жауапқа тартылды.

Тақырып бойынша материалдар

 ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
19:11, 20 шілде 2018
ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
 АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
17:47, 20 шілде 2018
АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар