ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

АЛЫП ШАҺАР АҚТӨБЕНІҢ МЕРЕЙТОЙЫ

19:11, 8 қаңтар 2019

Құтты мекен Ақтөбенің 150 жылдығына 150 іс-шара тарту етілмек. Түрлі мәдени-рухани кештер, әлеуметтік-экономикалық нысандардың ашылуы, гүлзарлар мен саябақтардың бой көтеруі мерейлі мерекеге орайластырылып отыр. Бүгін облыстық әкімдікте 150 жылдық мерейтойды кең көлемде атап өту тақырыбында алқалы жиын өтті.

Алып шаһар Ақтөбе үшін биыл тарихи жыл. 1869 жылы негізі қаланған бекініс бүгінде көркі көз тоймас қалаға айналды. Зәулім ғимараттар, әлеуметтік нысандар, өндіріс орындары салынып, өңір экономикасы өсті. Сәйкесінше, әлеуметтің әлеуеті көтерілді. Ақтөбе Елбасы айтқан миллион тұрғыны бар мекенге айналмақ. Осы орайда, 150 жылдық мерейтойды атап өту - абыройлы іс. Қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың сөзінше, айтулы күн 150 іс-шараны ұйымдастырумен есте қалады деген жоспар бар. Ақтөбелік өнерпаздардың қатысуымен аудандарда қала күні өтеді.

2019 жылы Нұр Ақтөбе мен Кірпішті ауылдарында 3108 пәтер халық игілігіне беріледі-мыс. Өндіріс, қызмет көрсету орындары, мейрамханалар, жылыжай сияқты 54 нысан ашылмақ. Облыс аумағындағы ірі кәсіпорындар Бөкенбай батыр, Есет батыр, Бауыржан Момышұлы, Зинченкоға арналып ескерткіштер салынып, гүлзарлар бой көтереді. Екінші маусымда әлемді мойындатқан әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді деген ой бар. Ақтөбенің мерейтойлық логотипі облыс әкімінің сынынан соң, өзгеретін болды. Ал өтетін іс-шаралар жыл он екі айды қамтиды.

Жиында облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова ұсынысын білдірді. Оның пікірінше, мерейлі мерекеге арналып деректі фильм жарық көру керек. Сонымен бірге, мерейтойдың ашылуы Елбасы жариялаған Жастар жылымен байланыстырылуы қажет.  Ақтөбеде дүниеге келіп, өзге елде қызмет етіп жүрген жерлестер де тарихи жылға үлес қосуы шарт деді аймақ басшысы. Бердібек Сапарбаев мерейтойды тек облыстық, республикалық емес, халықаралық деңгейде де атап өтуге болатындығын, алға тартты.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...