ШҰҒЫЛ! МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

"АННА ФРАНК. ТАРИХ САБАҚТАРЫ" КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

20:12, 15 сәуір 2019

Бүгін Ақтөбеде «Анна Франк. Тарих сабақтары» атты көрме ашылды. Көрмені  Амстердамдағы "Дом Анны Франк" атақты музейінің қолдауымен   "Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры ұйымдастырды. Көшпелі көрме геноцид құрбандарына арналып отыр.

Көрме Анна Франктың жеке күнделігі негізінде жасақталған.  Еврей қызы отбасымен 25 ай фашистерден тығылып жүріп, күнделік жүргізеді. Оның тағдыры арқылы Холокост тарихын ұрпаққа шынайы жеткізу - көрменің басты мақсаты.  20-шы ғасырда ұлтқа жасалған  ең сорақы қастандық деп тарихшылар фашистік режимнің бағасын берді. Көрме-өркениеттің басты құндылықтары: теңдік пен демократияны, толеранттылықты, ұлтаралық татулықты дәріптейді.

ПОЛИНА САВИЦКАЯ /"ШАЛОМ" ЭТНОМӘДЕНИ  БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

- Бұл көрме, сөзсіз, бейбітшілікті дәріптейді. Біз бейбіт елде, бейбіт заманда тұрып жатырмыз. Оған қуануымыз қажет. Соғыс кезінде қаншама халыққа Қазақ елі  құшағын жайды, пана болды.   Сондықтан мен қазақ еліне, елбасына алғыс айтамын. Өйткені ол Қазақстан халқы Ассамблеясы атты бірегей институт құруға  ықпал етті. Мұндай  орын әлемде жоқ. Жастар осыны көріп, өссе жаман болмас. Соғыс та, қуғын-сүргін де болмас еді әлемде.

Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні жылда 27-ші қаңтарда атап өтіледі. Дәл осы күні 1945-ші жылы Қызыл армия Польшадағы өлім лагері атанып кеткен Освенцимді азат етеді. Онда қаза болған  миллион жарым адамның 1 миллионы еврей ұлтының өкілі. Тарихшылардың бағамы бойынша, Холокост құрбандары 6 миллионннан асады. Солардың бірі Анна Франк еді, ол 1945-ші жылы Освенцимде көз жұмды.

"Анна Франк. Тарих сабақтары" көрмесі  әлемнің 60 елін шарлап, оны 12 миллион адам көрді. Қазақстанда көрме 2016-шы жылдан бері жұмыс жасайды. Ақтөбеге дейін Ақтау, Алматы, Астана, Павлодар  қалаларында болды. Ақтөбедегі көрме  Жастар сарайында орналасқан, 1 айға созылады. Келем деушілерге есік ашық. 

Венера Серғазы, Миржан Аманжолов.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
19:32, 24 сәуір 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
18:36, 24 сәуір 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
19:06, 19 сәуір 2019
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
17:29, 23 сәуір 2019
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...