ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

АНТЫНА АДАЛ ЖАН

18:10, 11 тамыз 2020

Дәрігер науқастың аурудан айығуы жолында аянбайды. Кәсіби біліктіліктің талабы осы. Олар әріптестеріне де көмектесуге әзір. Сөзімізге дәлел бар. Ақтөбе медицина орталығында уқалаушы болып жұмыс істейтін Дулат Бугенбаев бір-ақ сәтті қызметін ауыстырды. Пневмания өршігенде ол провизорлық орталықтың санитар маманына айналды. Науқастарды көтеріп, бөлімшелерге тасыды. 34 жастағы Дулат Бугенбаев Қызылорда облысының тумасы. Мектепті тәмамдағаннан кейін өңірге қоныс аударған. Мұнда Ақтөбе медицина колледжіне оқуға түсіп, мамандық алды. Уқалаушы Ақтөбе медицина орталығына жұмысқа орналасты. 
 Ол 2 баланың әкесі. Әріптестері Дулаттың еңбекқорлығы мен антына  адалдығын үлгі тұтамыз дейді. 
 Дәрігерлер қауымы қашан да құрметке лайық. Аурумен күресте алдыңғы шепте жүріп, дертті жеңуге жұмыла күш жұмсады. Ақы үшін емес, халық үшін еңбек ететін медицина мамандарына мың алғыс! 

Әсем Самбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...