ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АРДАГЕРДІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

13:42, 14 шілде 2019

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 27 жыл. Кеңес Одағының батыры, өңірімізден шыққан атақты барлаушы Федор Озмительдің туғанына 101 жыл. Осыған орай бүгін Ақтөбеде волейболдан турнир өтті. 13-шілде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 27 жыл. Еліміздің арнаулы қызметі осы аралықта күрделі мақсат, міндеттерді орындап, өзінің маңызды да тиімді құрылым екенін дәлелдей білді. Бүгін ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. Сала қызметкерлері спорттың осы түрінен осал еместігін көрсетті. Бұл дәстүрлі жарыс. Федор Озмительді еске алуға арналып отыр. Атақты барлаушы Мәртөк ауданының тумасы.1938 жылы НКВД ға қызметке алынды. Ал 2-дүниежүзілік соғыс жылдары ол "Грозный" отрядының құрамында болған. Партизан жасақтарын басқарған. Майданда ерлікпен қаза тапқан батырды еске алу шарасы жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы жағдайды бақылайтын азаматтар бүгін волейболдан сынға түсті. Барлығы 6 команда  жарысты. Олардың қатарында полицейлер мен құтқарушылардан құралған командалар да бар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері  Нұрсұлтан Байжанов жұмысының күрделілігіне қарамастан, спорттан қол үзген емес. Апта сайын спорт залға баратынын айтады.Қауіпсіздік орган қызметкерлерінің физикалық қабілетін шыңдауға арналған шаралар көп. Биыл  жүзу мен тир атудан турнир ұйымдастырылған болатын. Волейбол турнирінде жеңіс тұғырынан көрінген командалар марапатталды. Дипломдар, мақтау қағаздары мен кубок жеңімпаздарға жол тартты. 1-орынды ұлттық қауіпсіздік комитетінің ойыншылары алды, 2 ші орынды құтқарушылар қанжығалады, полиция департаменті 3-ші орынды қанағат тұтты.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
19:05, 17 қаңтар 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
19:04, 17 қаңтар 2020
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
16:26, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
Толығырақ...
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:17, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...