ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

АРДАГЕРГЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

17:05, 15 мамыр 2019

Шалқарда екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Орынбасар Ақжановқа көше атауы берілді. Бұл шараға аудан тұрғындары, ардагердің ұрпақтары және зұлмат жылдардың куәгері болған аға буын өкілдері келді. Олар өскелең ұрпаққа еркіндіктің, бейбіт өмірдің әр сәтін бағалаңдар деп өсиет етті.

"Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ." Осы сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне қашап жазылған болатын. Жеңістің ақысы қатты болды. Ешкімді аямады. Тек  жан қиярлық ерліктің арқасында бейбіт күнді көрдік. Тыл ардагері Сабанбай Нұрмағанбетов осылай деп ойын тарқатты.
Бұдан кейін шара Ідіріс Үргенішбаев бюсті орналасқан алаңда жалғасты. Мұнда жас өнерпаздар жеңісті ұлықтайтын әндер айтып,  соғысқа аттанған ұлды қимай жылаған ананың зарын театрландырылған көрініс арқылы бере білді. 

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Орынбасар Ақжановқа көше берілді. Салтанатты жиында ардагердің замандастары мен әріптестері естеліктерін айтты. Ардагер отты жылдары  101-ші ұлттық атқыштар дивизиясы құрамында болған. Майдан даласынан аман оралып, жемісті еңбек етті. Ердің ерлігі мен еңбегі ұмытылмақ емес. 

Мәртебелі мереке, қуанышты күн Шалқарда осылай атап өтілді. Халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісін жауынгерлердің ізі қалған әр мекен ұмытпайды.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР
 

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...