ШҰҒЫЛ! Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген Толығырақ

Ардагерлер турнир ұйымдастырды

18:38, 12 ақпан 2018

Ауған соғысы ардагерлерінің "Ер-Бақыт" спорттық-патриоттық клубымен бірлесіп, Алға қаласында шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Оған жасөспірімдерден құралған 9 команда қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Спорттық шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай өтті.

Бұл турнир - жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеген шаралардың бірі болды. Облыс бойынша бүгінгі күні күні Ауған соғысының 900-ден астам ардагері болса, олардың 42-сі осы Алғада тұрады. Жергілікті жастардың басын қосып, оларға патриоттық тәрбие беруде атқарып жатқан істері орасан.

Бұл жолғы турнирге 9 команда қатысты. Оның біреуі Қандыағаш қаласынан болса, қалғаны алғалық командалар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирге қатысушылардың қатары артып келеді. Осы жолы шағын футболға жастар көп жиналды. Әрі ойын қызықты өтті.      

Ойынның қортындысы бойынша жүлделі орын алғандарға ақшалай сыйлық берілсе, жеңімпаз команда "Ер-бақытқа" ауыспалы кубок табыс етілді.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар