ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

19:34, 13 ақпан 2020

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл. Осыған орай Әлия Молдағұлова атындағы мұражайда тақырыптық кеш өтті. Шара интернационалдық борышын өтеген сарбаздарды еске алуға арналды. Рухани кешке мектеп оқуышлары, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Толығырақ тілші материалында. Кездесуде ауған соғысының ардагерлері сұрапыл күндердің естеліктерімен бөлісті. Елінің патриоты болуға шықарды. Ең бастысы, жастар ардагерлермен еркін түрде сөйлесе алды. Соның бірі Динара Темірғалиева. 10-шы сынып оқушысы  ержүрек ағаларының Отан үшін от кешкен сәттерін құрметтейді. Рухы мықты ардагерлердің кейінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Тарихқа шегінсек, 1979 жылы кеңес әскері Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысқан. Ресми дерек бойынша, бір ғана Ақтөбеден  Ауған соғысына бір жарым мыңнан астам адам қатысқан. Оның 26-сы қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. 
ГУМЕР  ГАЛЕЕВ
 "ЖАУЫНГЕРЛІК БАУЫРЛАСТЫҚ" ҚҚ ТӨРАҒАСЫ
Ауған соғысы туралы көп айтылмайды. Жастар ел қорғағандардың ерлігін ұмытпау керек. Арнаулы күнге орай қоғамдық қор ардагерлері мен жастардың арасына дәнекер болу үшін осы шараны ұйымдастырып отыр.  Бұл шара қаладағы бірнеше мектептер мен арнаулы және жоғарғы оқу орындарында өткізіледі.
Салтанатты жиынға келгендер соғыс кезінде жазылған хаттар көрмесімен танысты. Жастарға тақырыптық фильм көрсетіліп, рухани кеште ер жүрек жауынгерлердің ерлігі дәріптелді. 
Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
17:19, 17 ақпан 2020
ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"GOLD" КОМПАНИЯСЫНА САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ МА?!
21:32, 10 ақпан 2020
"GOLD" КОМПАНИЯСЫНА САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ МА?!
Толығырақ...