ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС!

18:41, 9 мамыр 2019

Қазақ халқына мың алғыс стелласы алаңына халық көп жиналды. Жеңіс мерекесіне арналған қойылымдарды тамашалап, түрлі ойындар мен спорттық шараларға ат салысты. Екінші дүниежүзілік соғыстың залалы мен жеңіс жолы туралы естеліктер айтылды. Көпшілік шараға облыс және қала әкімі қатысып, жиналғандарды жеңістің 74 жылдығымен құттықтады.  

Жаралы сарбаз, майдан даласы. Соғыс техникалары, дәке таққан медбикелер мен қару асынған жауынгерлер. Жастар мен өнерпаздар жиналғандардың есіне ұрыс даласын түсіндірді. Бұл ешкімнің ешқашан ұмытылмайтынының дәлелі.  

Бұл жылы өңірде "Мәңгілік полк" шеруі ұйымдастырылған жоқ. Дегенмен мерекелік алаңдарға атасының, әкесінің суретін алып шыққандар болды. Олар сұрапыл соғыстың куәгерлерін құрметтеп, ерліктерін халыққа жеткізуге міндеттіміз дейді.

Бұл күні халық пен билік арасында еркін қарым-қатынас орнады. Мерекелік шараға атсалысқан жастардың белсенділігіне облыс басшысы разылығын білдірді. Істеріне сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.

Мерекелік шарада балалар мен жасөспірімдер арасында бокс және эстафета ойындарынан жарыс өткізілді. Жігіттер мен қыздар арқан тартысты. Тұрғындар шахмат ойнап, далалық асханадан дәм татты.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар