ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

АРҚАДАҒЫ АУЫР ЖҮК

13:00, 20 қараша 2020

Оқушының сөмкесі неге ауыр? Дәл қазір бұл кезекші сыныпта білім алып жүрген балғындарға ғана қатысты болуы мүмкін. Әйтсе де арқадағы ауыр жүктің салмағы ата-аналарды соңғы жылдары қатты алаңдатып отыр. Айтуларынша, баланың сөмкесін өзі тұрмақ, ересек адам әзер алып жүретін көрінеді. 
Шыны керек, күні бүгінге дейін оқушының сөмкесіне қатысты нақты талап болмаған. Бала денсаулығы үшін алаңдаған ата-ананың тілегі жерде қалмады. Жауапты органдар  2020 жылдың тамыз айында мәселені май шаммен қарады. Мектеп оқушысы көтерген жүктің нақты салмағын да көрсетіп берді. Яғни, сөмкесі баланың бойы және салмағына сай келуі тиіс. 

Құжатқа мән берсек, бірінші-үшінші сынып оқушылары арқалайтын оқу құралының салмағы бір жарым - екі келіден аспауы тиіс. Төртінші, бесінші сыныптағылардың портфелі екі - екі жарым келіге шамалас болғаны жөн. Ал, 8-11 сынып жеткіншектері үшін төрт-төрт жарым келі норма ретінде көрсетіліпті. Бірақ бұл тиісті деңгейде орындалмай келеді. Өзінен салмағы басым жүкті алып жүрудің өзі баланы арқа ауруына шалдықтырмасына кім кепіл? 

СОСЛАН  ӨТЕГЕНОВ
НЕЙРОХИРУРГ
Ұдайы ауыр көтергеннен баланың белі, қолы, мойны ауыра бастайды. Ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасына, арқа бұлшық етіне, тірек-қимыл жүйесіне кері әсерін тигізеді. Жүре келе, оның салдары басқа аурулардың шығуына әкелуі әбден мүмкін.

Буыны қатпаған баланың шамадан тыс ауырды көтеруі денсаулыққа кері әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті. Бұған қатысты ата-аналардың  да өз айтары бар. 

Бұл жерде әсіресе мектеп табалдырығын енді ғана аттаған балғындардың сөмкесі басты назарда. Олар оқулықпен қатар жұмыс дәптерлерін, өзге де қажетті құрал-жабдықты алып жүруі тиісті. Ал, мұның бәрін қоса есептегенде заң бойынша көрсетілген нормадан асып жығылатыны анық. Сондықтан сөмке сатып аларда оның сапасына аса мән берген жөн. Мамандардың айтуынша, портфель  700 граммнан аспайтын, иығына тағатын бауы қалың әрі жалпақ болғаны дұрыс. 

Динара Абдуалиева 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...