ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

Арман Шораев: Төрелік етуде адами факторды азайтамыз

18:24, 5 қыркүйек 2017

8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Аренада» қазақ күресінен «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.

Бүгін 4 қыркүйек күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шораев, қазақ күресінен төрт дүркін Әлем чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Айбе Нұғымаров және «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның  төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен «Әлем Барысы» турнирінің баспасөз мәслихаты өтті. «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеге 40 елдің балуаны қатысады. Шетелдік спортшыларға Қазақстанның төрт балуаны төтеп береді. Баспасөз мәслихаты барысында «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы  Арман Шораев белдесулерге төрелік етуге арнайы тоқталып, адами фактордың әсері азаятындығын және болашақта белдесу ережелері өзгеруі мүмкін екенін айтты. 22-тамыздан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын нәтижесі бойынша бас жаттықтырушы Ерлан Естек бастаған бапкерлік кеңес «Әлем Барысында» ел намысын қорғайтын балуандарды іріктеді. Олар: төрт дүркін Әлем чемпионы және «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Айбек Нұғымаров, Әлем чемпионы және «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, жас та болса болашағынан зор үміт күттіретін Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов. Сонымен қатар, биылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Еламан Ерғалиев, танымал түйе балуан Ержан Шынкеев те қатысуы мүмкін.    «Әлем Барысы» осымен екінші рет өткелі тұр. 2014 жылы алғашқы турнирге 35 елдің апайтөс балуандары қатысты. Олардың арасында дзюдодан Әлем және Олимпиада чемпионы чеx Лукаш Крпалек, самбодан Әлем чемпионы армениялық Гарибян Арутюн, дзюдодан Әлем чемпионатының жүлдегері неміс Раймунд Гирдц, кураштан Әлем чемпионы изральдық Грегори Рудельсон, алыштан Азия чемпионы парсы Мухаммад Теймоури Сарах, Олимпиада және Әлем чемпионатының жүлдегері кубалық Оскар Рене Видал Брайсон және тағы басқа атақты балуандар боз кілемге шыққан еді. Тартысты бәсеке нәтижесінде алтын белбеу мен 100 мың АҚШ долларын кубалық Брайсон иеленді. Екінші орында Айбек Нұғымаров, үшінші сатыда ресейлік Максим Ширяев. Үш жыл бұрын xалықаралық турнир ретінде тұсауы кесілген «Әлем Барысы» бүгінде қазақ күресінен абсолютті Әлем чемпионаты деңгейіне өсті. Біріншіліктің жалпы жүлде қоры - 30 миллион теңге. Оның ішінде 15 миллионы жеңімпазға тиесілі. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды. Көрермендер арасында «Renault Logan» автокөлігі ойнатылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар Астанаға келе бастады. Бүгінде Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай және Гана балуандары елордаға жетті. Жарыс шарты бойынша, барлық қатысушыларға қазақ күресінен арналған спорттық күртеше мен аяқ киім берілуде. Балуандарға фотоссессия ұйымдастырылып, шетелдік төрешілерге қазақ күресінің ережелері бойынша семинар өткізіледі. 6 қыркүйек күні сағат 18:00де «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында «Alem Barysy» қатысушыларының салтанатты салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтеді. Абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan» (тек финалдық белдесулерді) және «Qazsport» (іріктеу мен финалдық белдесулерді) телеарналары көрсетеді.    Жарыс бағдарламасы: 10:00 Іріктеу белдесулері 13:00 Ашылу салтанаты 18:00 Ақтық белдесулер 18:30 Жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі

 

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
20:12, 13 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...