ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ!

18:18, 25 маусым 2019

Арыстағы ағайынға алаңдаған Алты Алаштың азаматтары кешелі бері қолдан келер көмегін аяп жатқан жоқ. Мемлекеттік, жеке мекемелер, ірі, шағын компаниялар мен еріктілер тобы бір-бірінен көз жазып қалған балалар мен ата-аналарды табыстыру үшін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Төтенше жағдайдың туындау себебін түсініп, аймақтан көшірілген дүйім жұрттың қал-жағдайын білу үшін кеше кешкісін Түркістан облысына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та барған еді. Президент алдымен жарылыс салдарынан қайтыс болған азаматтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қаладан қауіпсіз жерге көшірілген халықпен жүздесіп, қару-жарақ қоймасындағы жарылыстардың зардаптарын қалпына келтіру жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 45 мың халқы бар Арысты әбігерге салған төтенше жағдайға кінәлілер анықталысымен, олар міндетті түрде қатаң жазаланады. Бұған президенттің өзі кепілдік беріп отыр. Апаттың алдын алу мүмкін болмады. Алайда мұндай жағдайды болдырмау үшін Арысты қару-жарақтан толығымен арылту керек. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ /ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Бұл қойманың не керегі бар еді? Қойма баяғыда-ақ тым болмаса, қала сыртына шығарылуы керек еді. Осы күнге дейін сонда қала берді. Ал енді мына жарылыстардан соң көзін жойған дұрыс. Арыс толығымен жарылғыш заттардан тазаланып, бірде-бір қару-жарақ қалмауы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...