ШҰҒЫЛ! 500 МЛРД ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ Толығырақ

"Ашық әлем" облыстық конференциясы

20:17, 10 қазан 2017

Бүгін 150 мүмкіндігі шектеулі ақтөбелік "Ашық есік" облыстық конференциясына қатысты. Шара мүгедектер күніне арналды. Пленарлық сессияда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев спорттық шаралар мен өзге де жұмыстарға белсене араласқан үздік жандарды марапаттады. Ал, аутизмге шалдыққан балалар өздерінің таныстырылымын өткізді.

"Ашық әлем" конференциясы негізінен мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеткен жетістіктерін үлгі етуге бағытталды. Шара қонақтары мүгедектердің қолынан шыққан бұйымдар көрмесін көрді. Өңір басшысы өз сөзінде бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға мемелкет тарапынан зор қолдаудың барын атап өтті. Осы мақсатқа мәселен, биыл 868 миллион теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп қаражат. Сондай-ақ, мүгедектерге қолайлы жағдай туғызуды мақсат ететін әлеуметтік нысандар мемлекеттік -жекеменшік әріптестігі аясында  салынуда.

Мүгедектер қоғамының қариялары да назардан тыс қалмады.  Жалпы бүгінгі күні облыс бойынша мүгедек жандардың 700 қоғамдық бірлестігі бар. Бірақ олардың бәрі бірдей белсенді жұмыс атқарып отырған жоқ. Конференция аясында аутизм диагнозы қойылған балалардың мәселелерімен айналысатын "Растёмка" бірлестігінің тұсауы кесілді. 

САЛТАНАТ  КЕНЖИБЕКОВА, "РАСТЁМКА" ҚБ БАСШЫСЫ

- Біздің заманымызда  20 ұлдың, 80 қыз баланың біреуі аутизм диагнозымен туылады. Біз денсаулық сақтау, білім, басқа да әлеуметтік салаларда аутист балаларға деген қоғамның көзқарасын өзгерту үшін бірігіп отырмыз

Конференция барысында бірқатар ұсыныстар да айтылды. Оның ішінде, мүгекдек жандардың мәслихат депутаттығына үміткер ретінде ұсынылуы, оларды жұмыс ороындарымен қамтамасыз ету және ардагерлер үйінің жұмысын қайта қалпына келтіру сияқты өзекті сұрақтар көтерілді. Айта кетсек, бүгінгі таңда облыс бойынша 24 мың мүгекдек жан бар. Оның  үш мыңға жуығы балалар.

Конференция соңы мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық концертіне ұласты.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

 ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
19:11, 20 шілде 2018
ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
 АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
17:47, 20 шілде 2018
АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар