ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

18:57, 11 ақпан 2019

Мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту мақсатында облыс әкімдігі "Ашық есік күндері" кең көлемді акциясын өткізіп жатыр. Ол үшін Ақтөбенің төрт бөлігінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдаулар жүргізілуде. Қала әкімдігі мен облыстық басқармалар, құқыққорғау органдары және коммуналдық мекемелердің басшылары 3 күн бойы ақтөбеліктердің өзекті сауалдарына жауап береді.

Гүлмира Дүзмұхамбетова ашық есік күніне келген ақтөбеліктердің бірі. Жеті баланың анасы үшін баспана алу мен кіші қызына операция жасату - басты мәселе. Қабылдау жүргізіп жатқан жауапты мамандарға жолыққан ол, сауалдарына нақты жауап алғанына қуанышты.

ГҮЛМИРА ДҮЗМҰХАМБЕТОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Мен заявление бердім квартираға. Оны алды, қабылдады. Бір бөлмелі арендное жильеға көмектесеміз деп айтты. Сосын, екіші мәселем қызыма операция істеуге, порталға қоятын болды. Бұлай тез қабылдап, сұрақтарымды қарайды деп ойлаған жоқпын/.

Тұрғындардың сауалдары жауапсыз қалмады. Әрқайсысының мәселесі тыңдалып, шешу жолдары нақты түсіндірілді. Қажетті кеңестер берілді.

АҚТОТЫ ЖОЛМАҒАМБЕТОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Төрт балалы анамын. Бұрын екі баламды садикке орналастыру үшін мекемелерге барған едім. Ол мәселем шешілді. Енді баспана және пособие алу өтінішім шешілсе екен деп қалаймын Сұрағым бір айдың ішінде қаралады деп соткмның нөмерін, адресімді жазып алып қалды. 

Бүгінде, халықтың өзекті мәселелерін шешу, оларды кеңінен зерттеу үшін үкімет тарапынан комиссия құрылған. Біздің облыста барлық сала мекемелерінің басшылары енген штаб та жұмыс істейді. Ал, қабылдауға келген азаматтардың сұрақтары сарапталып, шешу жолдары айқындалатын болады.  

ҚАЙРАТ ОТАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Бізге келген адамдардың саны емес, олардың қойған сауалдарының мәселесі керек.Қазір толық толтырып, мониторинг етіп, кімнің шешуге болатын сұрақтарын шешу немесе егерде заңға өзгеріс енгізу мәселелері болатын болса, жоғарыдағы құзырлы органдарға ұсыныстарымызды беруіміз керек. Қазір жинап, соны шығаруымыз керек/.    

Ахтанов театрындағыдай тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау "Халықтық кеңседе" де өтіп жатыр. Барлық басқармалар мен департамент және құқыққорғау сондай-ақ, коммуналдық ұйымдардың қызметкерлері ақтөбеліктердің сауалдарына жауап беруде. Айта кету керек, ақтөбеліктерді жеке сұрақтарымен қабылдау облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатыр. Астана, Алматы аудандары әкімдіктерінің ғимараттарында, халықтық кеңседе, облыстық драма театрында "ашық есік күндері" ақпанның 11-13 аралығында өтеді.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...