ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

АШЫҚТЫҚ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

13:00, 20 қараша 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев екі күндік жұмыс сапарымен келді. Ол алдымен Хромтау ауданындағы жұмыс жайымен танысты. Биыл мұндағы  "Ашық әкімдікке" 600-ден астам өтінім хат түскен. Олардың барлығы жауапсыз қалмады. Жалпы өңірде электронды қызмет түрін пайдаланушылар көбейіп келеді. 
Аудандағы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы агенттік төрағасына қызмет түрлерін таныстырды. Мұнда биыл 24 мыңнан астам адам барып, құжатын рәсімдеген. Оның ішінде электронды қызмет көрсету сапасы артып келеді. Өткен жылы 92, биыл 98 пайызды көрсетіп отыр.
Аудан орталығы жыл санап өсіп, көркейіп келеді. Бұған тұрғындардың да үлесі бар. Яғни, жергілікті атқарушы билік олардың ұсынған жобаларын елеп, екшеп керегін іске асырды. Ортақ келісімнің нәтижесінде бірқатар жұмыс қолға алынған. Халық пен биліктің арасында ашықтық бар. Жалпы ауданының «Ашық әкімдігіне» осы жылы барлығы 600-ден астам өтінім хат, 500-ден астам өтініш және сауал түскен. Айта кетейік, мұндағы жергілікті атқарушы органдар тізімге сәйкес мемлекеттік қызметтің 82 түрін көрсетеді.
Бұл агенттік төрағасының жеке қабылдауындағы әңгіме. Ауыл ақсақалы аудан орталығындағы ауруханаға пандемия кезінде ерліктің үлгісін көрсетіп, өзі бақилық болған дәрігер Қалихан Қозбағаровтың есімін беруді сұрады. Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев хромтаулықтың бұл ұсынысын қолдайтынын жеткізді. Қабылдауда мұнан бөлек әлеметтік салаға қатысты сұрақ қойған тұрғындарға жауап берілді. Агенттік төрағасы Хромтау ауданының бірқатар мекемелерін аралап, жергілікті тұрғындармен де кездесті. Ауыл адамдары өңірдегі атқарылған шаруаға ризашылық білдірді. Хромтауда биылдың өзінде бірнеше көшеге тас жол төселіп,  әлеуметтік нысан бой көтерді.


Жиында агенттік төрағасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы атқарылып жатқан жұмыс жайын баяндады. Ол мемлекеттік аппарат халықпен мүмкіндігінше жиі кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдап, азаматтардың мәселелерін жедел шешуі керектігін айтты.

Аймақ басшысы бүгінгі күні тұрғындар тарапынан қойылар кез келген өтініштің бақылауда екенін, жауапсыз қалмайтынын жеткізді. Жалпы қазіргі таңда облысымыздың барлық аудандық және қалалық әкімдігінде 15 сервистік әкімдік және 65 кабинет жұмыс істейді. Мұндай ашықтық, қолжетімді қызмет болған жерде жүйелі жұмыстың болары анық.

Дархан МЕКТЕПБА

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...