ШҰҒЫЛ! Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр Толығырақ

Асқар Мамин Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды аралады

16:58, 11 тамыз 2017

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуын, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясындағы жұмыстарды көрді. Вице премьер бастаған делегация қатарында барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары мен бірқатар министрлік өкілдері бар. Оларға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі бірегей әлеуметтік нысандарды таныстырды.

Делегаттар алдымен Ақтөбедегі халықаралық әуежайдағы ұшып-қону жолағының бұрылыс жобасымен танысты. Бұрылыс - әуе көлігі қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Стратегиялық маңызды нысаннан соң Асқар Мамин бастаған топ  "Олимп" хоккей модуліне барды. Мұнда хоккейшілер ғана емес, мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша болашақ чемпиондар дайындалады. Бүгінде хоккейге - 200, мәнерлеп сырғанауға - 400, ал шорт-трекке - 70 бала қабылданған. Оларды еліміздің өзге аймақтарынан, Ресей Федерациясының Мәскеу, Қазан қалаларынан келген білікті мамандар оқытады. Бұл - Ақтөбеде тәуелсіздік жылдарында салынған қысқы спорт түрін дамытуға арналған алғашқы ғимарат. Бір мезгілде 200 адам хоккей спортын тамашалай алады. Дәл осындай хоккей модулі алдағы уақытта Хромтау қаласында да салынады.

АСҚАР МАМИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Ақтөбе - хоккей қаласы. Мен «Алтын шайба» мектеп жарысына белсенді қатыстым. Сонда Ақтөбеден қашан да мықты командалар қатысатын.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мұнда соңғы мұз айдыны 27 жыл бұрын болған.  Біз команда құрдық. Алдымен спортшылардың дайындығын қараймыз. Егер, нәтиже жақсы болса, келер жылы команданы бірінші лигаға шығарамыз.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында қолға алынған "Жастар" сарайына барды. Жобаға "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы ның 1 миллиардтан аса қаражат құйған. Құрылыс қарқынды. Жуырда пайдалануға берілмекші.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазір Ақтөбеде 15 мәдени мекеме бар. Олардың барлығы әр жерде орналасқан. Біріншіден, сол мекемелерді осы жерге шоғырландырамыз. Екіншіден, Ақтөбеде мұндай зал жоқ. Қазір өңірдегі ең үлкен залдың өзі 500 адамға ғана арналған. Ал, жастар сарайының сиымдылығы - 1200 орындық. Сондай-ақ, мұнда көрме секілді түрлі шаралар да өтетін болады.

Көз ауруына шалдыққан ақтөбеліктер енді ем үшін Ресейдің Орынбор, Астрахань қалаларына сабылмайды. Батыс-2 ауданында 60 керуеттік "Көз жарығы" деп  аталатын офтальмология орталығы салынуда. Өткен жылы іргесі қаланып, 3,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Мұнда балалар мен ересектерге білікті мамандар офтальмологиялық қызмет көрсететін болады. Кадр тапшылығы жоқ.  Өңірдегі медицина университетінің көз аурулары кафедрасы білікті маман дайындайды. Сондай-ақ,  дәрігерлері шетелдік клиникалардла біліктілігін арттырып жүр.  Жаңа орталық жанынан 500 адам қабылдайтын емхана мен лазерлік орталық жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, аллергия орталығы салынады.

ҒАЛЫМЖАН ЕЛЕУОВ "ДӘРУ" ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қазір еуропалық серіктестерімізбен жұмыс жасап жатырмыз. Құрылғыларды орнатып, оларды үйренуді жоспарлап отырмыз. Келісім аясында сапалы қондырғылар мен инновациялық технологиялар орнатылады. Ал, біздің дәрігерлер шетелде оқытылады. Офтальмология орталығы еліміздің батыс өңіріндегі типтік үлгіде салынып жатқан ғимарат.

Министрлер кабинетінің мүшелері "Сымбат" жеке мектебінде болды. Білім ошағы өткен жылы ашылған болатын. Мектеп халықаралық талаптарға сай. Ақпараттық-комуникативтік технологиямен жабдықталған. Бірінші қыркүйектен бастап, мұнда ауылдан келетін дарынды балаларға арналған интернат ашылады.

АСҚАР МАМИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Білім саласына инфестиция тарту - бұл жақсы тәжірибе. Мұны өзге аймақтарға үлгі ету керек.

РАБИҒА ТАСЫБАЕВА "СЫМБАТ" ЖЕКЕ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

Мына жерде мұз айдыны салынады. Сіз, еліміздегі хоккей федерациясының президентісіз. Бұл жақсы спорттың түрі. Сондықтан, мұндай жобалар әрбір мектепте жүзеге асырылса дейміз. Биыл қаладағы 10 мектепте аталған жобалар қолға алынбақ.

АСҚАР МАМИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Егер, мұнда мұз айдыны салынса, хоккей федерациясының атынан осы мектептің командасына арнайы спорттық форманың жиынтығын тарту етеміз.

Асқар Мамин Қазақстан мұнай жабдықтары зауытына да барды. Кәсіпорын жылына қуаттылығы 50 мың тонна болатын мұнай-газ жабдықтары мен құбырлар шығарады. Жобаның жалпы құны - 5 млрд.теңге. Бұдан бөлек, бірінші вице-премьер жөндеу жұмыстары жүріп жатқан "Ақтөбе-Орск" тас жолы мен жаңадан салынған өңірде газ таратуды едәуір арттыруға мүмкіндік беретін "АГРС 300" автоматтандырылған газ тарату станциясын көрді.  Асқар Маминге елімізде баламасы жоқ жетім балаларға арналған 110 орындық, құны 1,6 млрд.теңге болатын "Мейірім" әлеуметтік үйі таныстырылды. Қазір мұнда 80 бала тұрады. Ақтөбеге келген делегация өңірдегі ірі жылыжай  "Green House Қазақстан" жылыжай кешенінінде болды. Қазір мұнда 5500 тонна өнім жиналса, оның 3200 тоннасы экспортталады.

Бірінші вице-премьер ТМД көлемінде баламасы жоқ бірегей кәсіпорын Ақтөбе рельс арқалық зауытының жұмысымен де танысты. 2014 жылы Президент тапсырмасы бойынша салынып, Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілді. Жылына 120 метрлік рельстерді шығарады. Зауыт толық қуатына көшкен соң, 2018 жылдан бастап жылына 430 мың тонна өнім шығаруды көздеп отыр. Айтып өтейік, қазір Ақтөбе облысы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда елімізде көш бастап тұр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізіндегі жобалар да сәтті жүзеге асуда. Бұл бағыттағы жасалып жатқан жұмыстарға Асқар Маин жоғары баға беріп, Ақтөбе облысын өзге аймақтарға үлгі ету керектігін айтты.

Жұлдыз Алмасқызы, Миржан Аманжолов

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтуде
12:57, 20 қазан 2017
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
20:06, 13 қазан 2017
Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
Толығырақ...
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...