ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

АСПАЗДАР ЖҰМЫСҚА ДАЙЫН

17:48, 13 маусым 2019

Бүгін болашақ аспаздар дипломдық жұмыстарын қорғады. Ыстық тағамдар, салаттың түр-түрі мен кондитер өнімдері. Мұның барлығы кәсіби аспаздың қолынан келуі тиіс."Тамақтануды ұйымдастыру" мамандығының 25 студентіне өздері таңдап алған тәтті тағамды пісіру міндеті жүктелді. Олар комиссия мүшелеріне балдан, шоколадтан, ірімшіктен жасалған торттар, жаңғақ печеньелері, пахлаваларын ұсынды. Сондай-ақ, ет өнімдерінен жасалған ыстық ас пісіру де шарт. Өнім табиғи компонеттерден құралғаны жөн.18 жастағы Панабек Біржановтың ата-анасы да аспаз. Мамандық таңдауда жаңылыспадым,-дейді ол. Бүгін ол диплом қорғамақ. Жас түлекте қорқыныш жоқ, өйткені ол бір жылдан бері мейрамханада жұмыс істейді. Тәжірибе бар. Арманы - бас аспазшы болу.  Сервис колледжін биыл 214 түлек бітірмек. Барлығы да тегін білім алды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 24 бала бар. Студенттердің барлығына шәкіртақы төленеді.Олардың 75 і тігінші.Өндірістік оқу орнында студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалған. Жабдықталған тігін шеберханасы мен ас әзірлеу бөлмесі. Қаладағы ірі тағам желілері мен тігін шеберханалары шеберлік сағаттарын өткізеді. Студенттер разы. Олардың басым бөлігі қазірдің өзінде жұмыспен қамтылған. Колледж алдағы уақытта 60 жылдығын атап өтпек. Жаңа ғтимаратқа көшуді жоспарлап отыр.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ  АЛАҢДАТАДЫ
20:52, 16 қыркүйек 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ АЛАҢДАТАДЫ
Толығырақ...
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
20:46, 16 қыркүйек 2019
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:10, 10 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:15, 10 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...