ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

АСТЫҚТЫ АУДАННЫҢ ДАМУЫ

20:33, 25 қыркүйек 2020

Ал Әйтеке би ауданында жол құрылысы әлі жалғасып жатыр. Биыл бұл бағытқа 200 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Ауыл ішіндегі өзгерісті тұрғындар бірден оң бағалады. Мұнда індеттің екінші толқынына дайындық жоспарлы жүргізілген. Аурухана жанынан орталық салынды. Қажетті аппараттар да жеткізілді. Бәрі баспасөз туры кезінде тілшілерге көрсетіліп, таныстырылды. 
Жас кәсіпкер Бақытжан Сабыр үш жыл бұрын өз жобасын ұсынып, жылыжай салды. Әкесінің ақылын тыңдаған ұл тынбай еңбек етіп, екі жылдан бері қияр мен қызанақ өсіру ісін бір жолға қойды. Кәсіп табысты. Кеңейту жоспарда бар. 
Аудан бойынша биыл "Бастау бизнес" жобасы аясында 80 адам кәсіпкерлік әліппесін үйренді. Жоспар бойынша 79 грант та белгіленді. Қазіргі кезде 62 адам 34 миллион теңге алды. 
Темірбек Жүргенов ауылында тілшілерге жол құрылысы таныстырылды. Мұнда мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше көше жаңартылып, жүргіншілер жолына тас төселді. 
Ауданда эпидахуал тұрақты. Мұнда 20 адам коронавирус инфекциясынан емделді. Өлім-жітім тіркелмеді. Қазіргі кезде екінші толқынға дайындық жұмысы аяқталып келеді. Ауруханаға жапсарлас салынған нысан қолданысқа берілді. Материалдық-техникалық базасы нығайды. 
Ал бұл - сервистік әкімдік. Аудан тұрғындары бұған дейін әр жерде орналасқан мемлекеттік мекемелерге жүгірсе, бүгінде бір орталықтан қажетті құжатын рәсімдейді. 
Мұнда білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары бөлімі секілді бірнеше мекеме өкілі бар. 
Астықты өлкеде мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Әсіресе асыл тұқымды төрт түлікті көбейтіп отырған шаруаның еңбегі зор. Ақбас сиыр, Еділбай қойы мен Мұғалжар жылқысын қатар өсірген кәсіпкер тағы бір істі бастады.  Шикізатты өндеу мақсаты қойылды алға. 
Әйтеке би ауданында темір рудасы да өндіріледі. Шикізат қазір Ресейге жіберіліп жатыр. Алдағы уақытта Қытайға жөнелтілуі мүмкін. Сонымен бірге өзге де қазба байлықтарды барлау ісі басталды.  
Тілшілерге ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап берген әкім туризм саласына да тоқталды. Мұнда Хан моласы орналасқан. Әбілқайыр хан жерленген мекенде өзге де туристік маршрут әзірленді. Әрі экотуризм назардан тыс қалмады. 
Мұнда мемлекеттік бағдарламалармен атқарылған іс көп. Ауыл адамдары да демеушілік жасап келеді. Мәселен, шаруа індет кезінде ауруханаға ет жеткізіп берді. Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің түлектері 20 жылдыққа орай екі оттегі концентраторын сыйға тартты. Аудан әкімі даму жолындағы дәл осындай жұмыстардың жалғасын табатынын жеткізді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 19 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...