ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АСЫЛ ӘЖЕЛЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

14:51, 11 қараша 2019

​Ақтөбелік "Асыл әжелер" ән ансамблі Өзбекстаннан жүлдемен оралды. Ташкент қаласында өткен "Бейбітшілік әлемі" халықаралық фестиваль-байқауда 1-ші орын иеленіп, топтың әр мүшесі медальмен марапатталды. Өнерлі әжелерді Ақтөбе теміржол вокзалынан өнер сүйер қауыммен бірге біздің телеарна тілшілері де қарсы алды. Поездан түсе сала өнерпаз әжелер вокзал алдын ән-думанға бөледі.  Бұл жүлде асыл әжелер үшін алғашқы емес, алайда орны бөлек. Орта Азиядан келген 8 ансамбльдің арасынан оза шығу зор жетістік. Жүлделі 1-ші орынмен қатар, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Бибігүл Сейітова "Әлемнің мейірімді адамы" медалімен марапатталса, топтың өзге мүшелері "Бейбітшілік әлемі" медалін иеленді.  "Асыл әжелер" ән ансамблі 11 жыл бұрын құрылған. Қазір "Геолог" мәдениет үйінде қызмет етеді. Жасы кішісі 6-тан асса, үлкені 80 жаста. Әнші әжелердің репертуары халық әндерінен құралған. "Шәмші әндерінің өзалдына орны бөлек",- дейді олар. Ән қорын одан әрі кеңейтіп, халықаралық байқауларға қатыса бермек ниетте.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:21, 11 желтоқсан 2019
ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...