ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРЕДІ

20:20, 4 қараша 2019

Ақтөбеге арнай келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Біржан Нұрымбетов Алға ауданына барды. 2020 жылдан бастап  атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.Халықпен пікір алысып, тұрғындардың сауалына жауап берді. Енді көпбалалы отбасыларға атаулы көмектен бөлек,  төленетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Ол табысқа қарамайды. Бұл үш өзгерістің бірі.  Екіншіден, әлеуметтік көмек алатын шаңырақтың мектеп жасына дейінгі балалары тамақ және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі. Оқушылар мектепке қажетті құралдармен қамтылып, медициналық көмектерге жеңілдік алады. Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған азаматтардың 83 пайызы еңбекке жарамды,-деді Біржан Нұрымбетов. Олардың жұмысқа орналасуы мен кәсіп игеруіне бар мүмкіндік жасалуда. Алайда ұсынған жұмыстан бас тартқан жағдайда, отбасы мүшелері атаулы әлеуметтік көмектен қағылады. Бұл өзгерістерді мұқият тыңдаған алғалықтар өз ойларын айтып, ашық пікір алмасты. Ел бойынша 2 миллионнан аса адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Оның 7 мыңы Алға ауданының тұрғындары. 210  отбасының 93-і табысын жасырғандықтан әлеуметтік төлемнен айырылды. Әлі 117 отбасының кіріс мен тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізілуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жобаның заң аясында жұмыс жасап, бақылаудың күшеюін тапсырды.

Махаббат Мейрамбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...