ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ

16:26, 14 қаңтар 2020

Атаулы әлеуметтік көмек алып, кәсіп ашты. Балаға берілген қаржыны үнемдеген ана қазір шаштараз, тігін шеберханасының жұмысын жүргізіп отыр. Үйде - аяулы жар, асыл ана, түзде - қабілетті кәсіпкер атанған  көп балалы аналардың жұымысын әріптесім Ерлан Мұқан көріп келді. Ксения Даниярованың мамандығы - дизайнер. Бұған дейін облыс орталығында тігінші болып жұмыс істеген. Отбасы жағдайын байланысты қаладан ауылға қоныс аударды. 3 баласы бар. Қазір Қосестек аулында пәтер жалдап тұрады. Жалғыз басты ана мемелекет қолдауын тиімді пайдаланып, атаулы әлеуметтік көмекке берілген жәрдемақыны үнемдеп, тігін цехын ашты. 600 мың теңгеге қажетті құрал-жабдық алып, өткен жылы жұмысын бастады.
КСЕНИЯ ДАНИЯРОВА
ТІГІНШІ
Мемлкеттік бағдарламаларға қатысып, грант жеңіп алғым келеді. Тігін цехымды одан әрі дамытуды жоспарлап отырмын. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарынан тапсырыс көп. Өзім перде тігемін, матасы да дайын. Баға қолжетімді. Мемлекет көмегіне жүгініп, іс бастау ең тиімді жолы. Қыз--келіншектердің қорықпай, өз қалауымен кәсіп ашқаны дұрыс деп санаймын. 
Кәсіп ашқысы келген адамға қолдау бар. Хромтаулық Тұрсынай Күрлембаева 4 баланың анасы. Атаулы әлеуметтік көмек алады. Ол "Бастау" бағдарламасына да қатысып, қайтарымсыз 505 мың теңгеге шағын шашатараз ашты. 
Ал Күнсұлу Сафина өзінің тігін шеберханасында атаулы әлеуметтік көмек алатын көп балалы аналарды жұмыспен қамтып отыр. Сұраныс көп. Ақжар ауылының тұрғындарынан бөлек көрші облыстан тапсырыс алады.  Мұнда қыз жасауынан бастап барлық киім-кешек тігіледі.
Облыста атаулы әлеуметтік көмек алып, жеке кәсіп ашып,  табысын ұлғайтып отырған 237отбасы бар. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта кәсіпкер аналардың қатар артпақ. Өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев іскер әйелдердің жұмысымен танысып, оң бағасын берді. 
Ерлан Мұқан 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар