ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АУДАН ӘКІМДЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

18:19, 3 шілде 2019

Ойылдан кейін Хромтау мен Алға аудандарына да жаңа әкімдер тағайындалды. Енді бұл кадрлық ауыс-түйістер ауыл-аймақтың дамуына серпін беруі тиіс деген сенім бар жұртта. Жаңадан тағайындалған әкімдерді аудандар активтеріне өңір басшысы Оңдасын Оразалин таныстырды. Моноқала мәртебесі бар кенді аудан Хромтауды басқару тізгінін өңір басшысы Оңдасын Оразалин Нағымжан Алдияровқа сеніп тапсырды. Нағымжан Алдияров 1975 жылы туған. Жоғары білімді. Еңбек жолын 1997 жылы есепші болып бастаған. Кейін Маржанбұлақ  ауылының әкімі, Алға қалалық округінің әкімі, Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болды. Екі жылдан бері Алға ауданын басқарып келеді. Оның осы тәжірибесі өндірісті ауданды өрге сүйреуі тиіс. Хромтауда басталған құрылыстар уақытылы аяқталуы керек деді облыс басшысы.Жаңадан тағайындалған әкімге хромтаулықтар да сенім артты, сәттілік тіледі.Кенді өлкенің қазба байлығы қазынасын құрғатпас үшін инвесторлармен жұмысты күшейту керек. Нағымжан Алдияров облыс әкімінің тапсырмасын орындауға, халықпен бірге болуға уәде берді.Бұдан соң, Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың  келісімімен Оңдасын Оразалин  Алға ауданына Мамырғали Аққағазовты әкім етіп тағайындады. Мамырғали Досқұлұлы 1964 жылы туған. Жоғары білімді. 1986 жылы еңбек жолын ұжымшарда инженер болып бастаған. Әр жылдары Алға, Байғанин ауданы әкімдерінің  орынбасары, Байғанин ауданының әкімі болды. Осыған дейін «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда аудан көп өркендеді, ол алғалықтардың еңбегінің нәтижесі деді облыс әкімі.Іс-сапар соңында облыс әкімі халықты еңбекпен қамту орталығының, мұндағы электрондық қызмет көрсету жүйесінің жұмысымен танысты.

Айгүл Баймен

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...