ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

АУДАН ӘКІМДЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

18:29, 3 шілде 2019

Бұдан соң, әкімдер тағайындауы екі ауданда жалғасты. Мұғалжарды мемлекеттік қызметте ұзақ жылғы тәжірибесі бар Асқар Шериязданов басқаратын болды. Ал Байғанин ауданының әкімі болып әлеуметтік басқармаға басшылық еткен Қайрат Отаров тағайындалды. Мұнайлы аудан Мұғалжарға әкім болып тағайындалған Асқар Шериязданов 1968 жылы туған. Еңбек жолын мұғалім болудан бастаған. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау басқармасының бөлім басшысы,облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі, қала әкімі аппаратының басшысы, Алға ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Байғанин ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Екі ауданның ізіндегі Мұғалжардың Қандыағаштан өзге Ембі мен Жемді қосқанда үш қаласы бар. Үлкен ауданның проблемалары да шаш етектен. Осыны ескерткен Оңдасын Оразалин жаңа әкім жандандыруға тиіс салаларды атады.Асқар Шериязданов өзіне артылған сенім жүгі жеңіл еместігін білетінін айтып, облыс әкімі міндеттеген тапсырмаларды мұғалжарлықтармен берге орындаймын деді.Ал Байғанин өңірін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров басқаратын болды. Ол 1968 жылы туған. Алғаш еңбек жолын 1985 жылы Исатай ауданында қарапайым жұмысшы болып бастады. Кейін қызмет сатысымен өсіп, аудандық салық инспекциясы бастығының орынбасары, облыстық зейнетақы орталығының директоры болды. Жалпы, Қайрат Орынбасарұлы аудан әкімі деген қызметті бірінші рет атқарғалы тұр. Дегенмен, әлеуметтік салада жинақтаған тәжірибесіне қарап, оны Байғанин ауданының әлеуетін көтеру үшін тағайындап отырмын деді облыс әкімі. Көп балалы аналарға, мұқтаждарға жәрдемақы төлету, жұмыспен қамту мәселелерін облыс көлемінде шешуге үлес қосқан Отаров енді бұл жұмысты Байғанин ауданында жалғастыруы тиіс. Қайрат Отаров жаңа қызметте сенім үдесінен шығуға уәде берді.Бұдан соң, облыс әкімі Оңдасын Оразалин ауыл ақсақалдарымен кездесті. Ауданның жаңа әкімін орынтағына отырғызды.

АЙГҮЛ БАЙМЕН

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...