ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

16:41, 13 ақпан 2020

 

 "Ақтөбе" телеарнасы директорының орынбасары қызметін атқарған Нұрлыгүл Көшекбаева Темір ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Білімі жоғары.  Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің журналист мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын республикалық "Алтын Орда" газетінің тілшісі қызметінен бастады. Кейін "Қазақстан" телерадио кешенінің Атырау, Ақтөбе облыстық филиалдарында редактор қызметін атқарды. Ұзақ жылдар бойы облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі болды. Облыс әкімінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов жаңа маманды ұжымға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...