ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

АУДАН ПАРТИЯІШІЛІК САЙЛАУҒА ДАЙЫН

15:16, 19 қыркүйек 2020

«Nur Otan» праймеризі аясындағы үгіт-насихат жұмыстарының екінші аптасы өтіп жатыр. Өңірге іссапармен келген партия хатшысы Әлібек Әлденей бүгін Хромтау ауданына барды. Мұнда Ақжар селолық округінде орналасқан дауыс беру учаскесінің санитарлық талапқа сәйкестігін тексеріп, бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. 
Кездесуде партия хатшысы Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылға сайлауалды бағдарламасын жариялағанын айтты.  Екіжүзден асатам жоба еліміздің әрбір өңір, қала және ауданын қамтиды. Партия хатшысы жиналғандарды primaries.kz сайты арқылы өздерінің көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік барын айтты.
Партия хатшысы праймеризге қатысушы кандидаттармен  және аудандық  ұйымдастыру комитеті, есеп комиссиясы мүшелерімен кездесті. Дебат өткізу және дауыс беру орнымен танысты. Партияішілік сайлауға Хромтау ауданынан 31 кандидат қатысуға ниет білдірген.  Олар тау-кен өндіру өнеркәсібі, білім беру,  медицина, кәсіпкерлік және  басқа да саланың өкілдері. 
Айта кету керек, бүгінгі таңда «Nur Otan» праймеризіне Ақтөбе облысы бойынша 486 кандидат қатысып жатыр. 7-ші қыркүйектен бастап кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде 16 жерде  87 пікірсайыс өткізу жоспарланған болса, бүгінге дейін оның 28-і өтті. Сондай-ақ осыған дейін 2416  кездесу ұйымдастырылған. Оның 234 -і онлайн түрінде өтті.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...