ШҰҒЫЛ! 400 АДАМ АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

АУДАНДАРҒА ЖАС МАМАНДАР ҚАЖЕТ

19:37, 12 сәуір 2019

Бүгін Студенттер сарайында жоғары оқу орындарын бітіруші түлектер мен аудан әкімдері арасында "Ашық микрофон" сұхбаты өтті. Еркін форматта пікір алысқан шарада жастарды әкімдер еңбек жолын ауылда бастауға шақырды.

Бүгінгі күні аудандарға жас мамандар көптеп қажет. Әсіресе, ауыл мектептеріне физика, математика, орыс және ағылшын тілдерінің мамандары тапшы. Егер диплом алған түлектер қаладан шалғай орналасқан елді-мекендерде қызмет атқаратын болса, оларға барлық жағдай жасалады,-дейді аудан әкімдері. 

Бұл шара облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауыл-аймаққа жас мамандарды тарту мақсатында ұйымдастырылды. Себебі, түлектерді жұмысқа орналастыру қоғам үшін басты мәселелердің бірі. Осы орайда, Жұбанов университетінің ректоры әрбір жас еңбек жолын туған өлкесінен бастағаны жөн деп есептейді. 
Дегенмен, түлектердің көпшілігі қалада қалуды көздейді. Енді екі-үш айдан соң диплом алатын жастар облыс орталығына жолдама алып жатыр. Мұнда да заманауи технологияларды меңгерген мамандар сұранысқа ие.

Ашық микрофон шарасында жас мамандар аудан басшыларының ұсынысын тыңдап, өз ойларын ортаға салды. 
ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:11, 23 тамыз 2019
"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
19:44, 23 тамыз 2019
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...