ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

АУДАНҒА САПАР

20:00, 20 қараша 2020

Сондай-ақ Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Қарғалы ауданына барды. Онда да Сервистік әкімдіктің жұмысымен танысып, халыққа қызмет көрсету орталығын қарап шықты. Бірегей инвестициялық жоба - жел электр станциясының ұжымымен кездесті.
Алдымен Қосетек ауылындағы "Сервистік әкімдікке" кірген агенттік төрағасы  мұндағы жұмыс жайын көзбен көрді. Биыл қолданысқа берілген орталықта азаматтарды қабылдау үшін «Open Space» кабинеті ашылған. Қосетек ауылдық округінің әкімі Гүлжан Досмағамбетованың айтуынша, тұрғындардың сұрағы дер кезінде шешіледі.  Сондай-ақ әкімдік жанында учаскелік инспектор бөлімшесі де жұмыс істейді. 

ГҮЛЖАН ДОСМАҒАМБЕТОВА
ҚОСЕСТЕК АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ
 Мұнда азаматтарды қабылдаумен ішкі саясат бөлімінің маманы айналысады. Келген тұрғындардың сұрағын тыңдап, бағыт беріп отырады.  

Кейін агенттік төрағасы аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысты. Орталықта сегіз адам еңбек етеді. Мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған мобильді топ та құрылған.  Әрі Қарғалыда өз-өзіне  қызмет көрсетуге арналған 17 бұрыш бар. Жалпы бөлім 698 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның басым бөлігі электронды форматта. Агенттік төрағасының айтуынша, тұрғындардың әрі бері сабылып жүрмеуі үшін барлық қызмет түрі бір орталыққа шоғырлануы тиіс, 


АЛИК ШПЕКБАЕВ 
ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Ия, дәл осы жолмен бәрі бір орталықта қажетті қызметті алуы тиіс.  Аудан тұрғындарының әрлі-берлі сенделіп жүрмегені жөн. Ақтөбе облысында бұл мәселе өз шешімін тапқан. Әрі электронды жүйеге ауысып жатыр. Бұл уақытты үнемдейтін жоба. 

Арнайы топ  Қарғалы ауданынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан     жел электр станциясына барды. Қуаттылығы - 48 МВт. Бұл 20 мың тұрғыны бар шағын қала үшін жеткілікті. 
Одан соң агенттік төрағасы құлпынай өсіретін жылыжайға табан тіреді. Жылыжайдағы  арнайы технологиялар сәуірден мамырға дейін өнім жинауға мүмкіндік береді. Осы жылдың 11 айында мұнда 20 тоннадан астам құлпынай теріп алынды. 

Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...