ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

АУДАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

10:38, 14 қыркүйек 2020

Ал Байғанин ауданы туристік аймаққа айналады. Жеке кәсіпкер Естай Сисенбаев тарихи жерлерді қайта жаңғыртып, емдеу-сауықтыру орталығын ашуды жоспарлап отыр. Бие сүтін құрғатып, ұнтақ қымыз өндірісін қолға алмақшы. Ал аудан орталығында құрылыс қарқынды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, Ақтөбе-Атырау- Астрахань тас жолының құрылысы да аяқталуға таяу.  Ауданның қазіргі әлеуеті және даму жоспары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін ұйымдастырылған баспасөз туры аясында жан-жақты баяндалды. 
Мұратбек Қасеновтің мамандығы-мұғалім.  Мектептен қолы қалт етсе бау-бақшасын күтіп-баптайтын. Педагогтің сол ермегі бүгінде тәп-тәуір кәсіп көзіне айналып келеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несиеге ие болып, жылыжайын кеңейтті. Қазір аудан халқын жергілікті көкөніспен қамтып отыр. Болашақта құлпынай, жүзім, баялды өсіру ойында бар. 
Ал Сартоғай ауылдық округіне қарасты "Жалғыз ағаш" деп алатын мекенге қоныстанған  Естай Сисенбаев ата кәсіпті қолға алған. Шаруашылықтың иелігінде  600-ге жуық  жылқы бар. Кәсіпкердің жоспары ауқымды. "Мал сою алаңы салынып, ет экспорты қолға алынады.  Қымыз өңдейтін цех ашылып, бие сүті ұнтақ түрде шығарылады.  3000 түп ағаш егіліп, иен дала жасыл желекке айналады. Шипажай жұмысын бастайды. Иппотерапия арқылы сал ауруына шалдыққан балалардың денсаулығын түзеуге ықпал етеміз,- дейді шаруашылық басшысы .
Төрт түлігін тең өргізіп отырған  мына шаруа қожалығының да аяқ алысы жаман емес. 2004 жылы құрылған  серіктестікте 110 бас мүйізді ірі қара, 5000-ға тарта  қой-ешкі, 50 бас Қамбар ата төлі бар. Шаруашылық өңір тұрғындарын таза, табиғи етпен қамтамасыз етіп, ауылдастарына жұмыс көзін тауып беріп отыр.  

Бұл- Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Қаражар ауылы.  127 түтіні бар елдімекенде бүгінде сумен жабдықтау нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында 40-қа жуық тұрғын уақытша жұмыспен қамтылған.  Ауылдықтардың ендігі тілегі- ғаламтор игілігін көру. 
Жалпы, аудан халқының 80 пайызы ауыз сумен қамтылып, 59 пайызы ғана көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Аудан басшысы Қайрат Отаровтың айтуынша,  биыл Кемерші, Ноғайты, Жарлы елдімекендеріне газ тартылады.  Көкбұлақ, Қосарал, Алтай батыр ауылдарының жобалық-сметалық  құжаттары дайын. Қазынадан қаржы бөліну ғана қалды. Ал Дияр, Қопа, Жаңатаң, Баршақұмға келер жылы кезек келеді.  2 жыл бұрын басталған Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 125 шақырымы аяқталуға жақын. 
Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері көңіл көншітеді.  Жыл басынан бері құны 78 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Инвестиция  көлемі 77 млрд  теңге.  Ауыл  шаруашылығы саласында да өсім бар. Тек  мұнай өндірісі төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғындардың  орташа еңбек ақысы  25 % артып, 186 122 теңгені құрады. Баспанаға мұқтаж азаматтарға арнап тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. 
Ауданда 23 білім ордасы бар. 9 мектеп жаңа оқу жылын  жаңа форматта бастады.  Қалған 14 білім ошағының оқушылары дәстүрлі түрде білім алуда.  Биыл бірнеше әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Жыл соңына дейін көптен күткен дене шынықтыру-сауықтыру кешені тапсырылмақ. 

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЕНҒАЛИ ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ
21:00, 2 желтоқсан 2020
ЖИЕНҒАЛИ ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ
21:00, 2 желтоқсан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...