ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

18:10, 3 шілде 2019

Адам өз денсаулығына өзі жауапты болуы тиіс. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері халыққа осыны жеткізіп, жолдарын үйретіп әлек. Ақтөбелік дәрігерлер бұл үшін ауруларды басқару бағдарламасы деп аталатын жаңа жүйені енгізді.

Ауруларды басқару бағдарламасы - бұл келісімді медициналық көмек көрсету жүйесі. Оның негізі - әр адамның өзіне көмек бере алатындығында. Облыста аталмыш жүйе алғаш рет 2017 жылы енгізілді. 

ӘСИЯ ТІРЖАНОВА /ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

-Тіркеуде барлығы 72 689 науқас тұр. Оның 20 235-і осы бағдарламаға енгізілген. Бұл 28 пайыздық көрсеткішті құрайды. Әр емханада, аудандық ауруханаларда да бұл жүйе іске қосылды. Олардың әрқайсысында өздерінің коды мен құпия сөзі бар, дәрігерлер жүйеге кіріп, мониторинг жасап отырады.

Бұл бағдарламаға артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек аурулары және қант диабеті кіреді. Жыл өткен сайын аурудың саны ұлғайып отыр. Мәселен, 2020 жылы оның қатарына өкпе аурулары қосылады. Канада, Финляндия секілді елдердің халықаралық тәжірибесіне сәйкес ауруларды басқару бағдарламасын жүйелі түрде - қолдану өлім-жітім көрсеткішін төмендетеді.

ӘСИЯ  ТІРЖАНОВА /ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

-Ауруларды басқару бағдарламасының адамға берері көп. Ол біріншіден, бұрынғы медицинаның жаңа мүмкіндіктерге көшуі, екіншіден, адам өз денсаулығына жауапты болып, өзін-өзі кез-келген аурудан сақтайды. Емханаларға жүгірмейді. Өзін-өзі қолға алып, аса қажетті жағдайда ғана дәрігер көмегіне жүгінеді.

Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл бағдарлама пациентке бағдарланған жаңа медицина үлгісі. Мұндай жағдайда жедел жәрдем шақырулары азайып, дерттің асқыну жағдайлары төмендейді. Сонымен қатар, әрбір науқасқа бақылау күнделігі жүргізіледі. Оған қоса дәрігерлер үшін электронды күнделік іске қосылған.  

- Мынау бізде науқасты бақылайтын күнделік. Мына жерде оның қай уақытта кіргені жөніндегі ақпарат және қашан дәрігерге келуі қажет екені жазылған. Астында сұрақтар тұр, бұл науқас келген кезде сұралатын сауалдар. Мысалы, науқас шылым шеге ме, жоқ па деген сияқты мәліметтерді дәрігер білуі керек.

Ауруларды басқару бағдарламасы өте тиімді,- дейді дәрігерлер. Әсіресе, қатерлі дерттердің диагнозын ерте кезеңде анықтауға әсері көп. Сонымен қатар, науқас ауруханаға бармай-ақ, дәрігермен жедел байланысып, көмек ала алады.

Гүлнара Жолжанова

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...