ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

АУЫЛ АЖАРЛАНА ТҮСТІ

23:31, 30 шілде 2020

Қарабұрақ - Әйтеке би ауданындағы ең үлкен ауыл. Самара-Шымкент дәлізіндегі ауыл тірлігі қазір қаламен бірдей. Бұрынғыдай балалары аула ішінде емес, арнайы ойын алаңында жүреді. Құрылыс жұмысына қазынадан қомақты қаржы бөлінген. Сондай-ақ ғасырлық тарихы бар мектеп жөнделіп жатыр. Әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу жұмысымен танысып келген тілшіміз жақсы жаңалығымен бөліседі.  
Әділет Нұржанова екі баласын ертіп, "Әкелер" саябағына жиі баратын.  Бүгін ол үй іргесіндегі ойын алаңына келді. Жыл өткен сайын Қарабұтақтағы бұл көшенің кейпі өзгерді, ажарлана түскен. Үлкендермен қатар балалардың демалысына жайлы жағдай жасалған. 
Балалардың қуанышында шек жоқ. Воркауд кешкілік бала -  базарға айналады. Жергілікті қазынадан 4 млн теңге жуық қаржы бөлінген. 
Бұл мектеп белгілі жазушы Қуандық Шаңғытбаевтың есімімен аталады. Бір ғасырға жуық тарихы бар білім ордасына биыл  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылыту жүйесі алмастырылып, кабинеттер әктелді. Мектеп түлектері қаржылай көмектескен. Білім ошағының сыртқы көрінісі де көз тартады. Ашық алаңға әдемі тастар төселіп, қоқыстан тазарып жатыр. Бұл жаңа оқу жылына үлкен серпіліс.
3000-ға жуық тұрғын мекен еткен бұл ауылда кәсіп ашуға ниетті адамдар көп. Биыл 4 тұрғын қайтарымсыз грант ұтып алған.
Ауылда төтенше жағдайға байланысты дезинфекция жұмыстары жүргізіліп тұрады. Көшелер  мен саябақтар аптасына екі рет залалсыздандырылады.
Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 1 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...