ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ

21:15, 8 қазан 2019

Сиыр сауып, бала тәрбиелеп әрі бизнесті де дөңгелетіп отырған әйелдер бар. Бәріне үлгеретін нәзік жандылар ауылда тұрып жатыр. Ақтөбеде "Ауыл әйелдері" форумы өтті. Шараға өңіріміздің әр ауданынан, селолық округтерінен келген 100-ге жуық әйел қатысты. Байғанин ауданында Қаламқас әжейді білмейтін жан жоқ. 73 жастағы қария 30 жылдан бері кәсіппен айналысады. "Қос темір" атты жеке фермасы бар. Бие сауып, қымызын сатады. Қолындағы биелерінен күніне 100 литрге дейін өнім алады. Қымызды да өзі ашытады. Қаламқас Жалмұқанова-алтын алқа иегері. Балаларының да кәсібі бар. 
Наубайхана ашып, нанның түр-түрін пісіріп отырған кәсіпкер әйелдердің бірі-Гүлнар Шанова. Бизнеспен 90-жылдардан бері айналысады. Ауылдан қалаға көшкісі келмейді. Көп балалы ананың перзенттері де ауылда тұрып жатыр. Форумның мақсаты-ауыл әйелдерін қолдау. Мемлекеттік гранттар мен жеңілдіктер жайын түсіндіру. Ауыл тұрғындарын бизнеспен айналысуға  баулу. 

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА |ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ G-GLOBAL ДАМЫТУ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қалай арттыруға болады? Село тұрғындарына кәсіп ашудың ең тиімді жолдары мен мемлекеттен бөлінетін қаржылай қолдау, несині қалай алуға болады?. Мұны ауыл тұрғындарына түсіндіруіміз қажет.  Мәселен, несие алу үшін кепілдікке мүлікін қою керек. Ол жеткіліксіз болып жатқан жағдайда мемлекет кепілдендіреді. Демек, бизнесін жаңа бастап жатқан әйелдердің қаржысының 85 пайызын, ал бизнесін одан әрі дамытатын азаматтар қаржысының 50 пайызын мемлекет кепілдендіреді. Бұл ақысыз негізде жүзеге асады.

Форумда бірнеше аталым бойынша кәсіпкер  әйелдерге грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Демеушілердің сыйлығын алған ауыл кәсіпкерлері де бар.  Кейін кәсіпкер әйелдердің жетістігін көрсететін арнайы көрме ұйымдастырылды. 

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...