ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

18:53, 16 мамыр 2019

2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі екі еселеніп, кемінде 50 пайызды құрауы тиіс. Белгіленген межеге жету үшін "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы жүзеге асырпылуда. Бағдарлама аясында мемлекеттен қандай қолдау бар? Бүгін осы салаға жауапты мамандар баспасөз мәслихатын өткізді.

Елдімекен десе, екінші деңгейлі банктердің басым көпшілігі несие беруден бас тартатын. Биылдан бастап, керісінше ауыл-аймаққа басымдық берілуде. Ауыл шаруашылығымен айналысамын деушілерге 18 млн теңгеге дейін несие берілмек. Несие 7 жылға берілсе, үстемесі 6 пайыздан аспауы тиіс. Аз  қамтылған отбасылар да кәсібін бастай алады. Әлеуметтік осал топтағыларды бизнеске тарту мақсатында мемлекеттен жеңілдіктер көп. 

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында "Бастау бизнес" жобасымен биыл 1 мыңнан астам адам тегін оқиды. Ол үшін 88 миллион теңгеден астам қаржы  бөлінді.  

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар да бар. Биыл қайтарымсыз грантты 420 адамға беру жоспарланып отыр. Ол үшін бюджеттен 192 миллион теңге бөлінді. Грант  бұрын мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау көрсетілмеген адамдарға берілмек. Ал жаңа идеялар үшін 100,  ал жастарға, аз қамтылған, мүгедек бала асырап отырған отбасыларға 200 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 500 мың теңге ақшалай грант беріледі.

Қазір уақытта несие алуға 100-ден астам өтініш түскен, оның 32 сі мақұлданды. Неігзінен Шалқар, Мұғалжар, Қобда мен Мәртөк аудандарының тұрғындары өтініш білдіріп отыр,-дейді мамандар. Айта кетейік, несие алған кезде қаржының 25 пайызына тең келетін кепілдік қойылады, сақтандыру міндеттелмейді. Мал бағасын арзандату үшін субсидия да беріледі. Мәселен, шетелден алған әрбір ірі қара 650 мың теңгеден аспауы керек. Оның 225 мың теңгесі субсидияланады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы орган әр мал басына 110 мың теңге субсидия беруді қарастырған.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...