ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ Толығырақ

Ауыл клубтарында маман тапшы

16:30, 13 ақпан 2018

Ауыл клубтарында мамандар тапшы. Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бірлесіп, клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында курс өткізіп жатыр.

Айман Сарбала Қобда аудандық мәдениет үйінің әдіскері. Оның міндеті - өтетін шаралардың сценарийін жазу. Концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, соңғы жылдары көрермендердің талғамы өзгерген. Ал мұндай курстар уақыт көшіне ілесуге мүмкіндік береді.

Қазір ауыл клубтарында кадрлар тапшы. Өйткені, бұл мамандыққа даярлайтын оқу орны жоқ. Бұрын Ақтөбеде мәдени ағарту училищесі болған еді. Қазір тек Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжінде ғана арнайы топ бар. Бірақ, соны бітірген түлектер клуб ұйымдастырушысы болып жұмысқа тұрмайды, ауылға бармайды.  Осылай деген мамандар ауыл клубтарының бірқатар проблемаларын атады.

Айтып өтейік, біліктілікті арттыру курсы бес күнге созылады. Кейін, қатысушыларға сертификат беріліп, әдістемелік материалдар таратылады.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

158 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫН АЛДЫ
19:18, 25 мамыр 2018
158 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
17:30, 23 мамыр 2018
САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...