ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

16:17, 12 қазан 2020

 Ақтөбеліктер демалыс күні қаланың бірнеше жерінде өткен ауыл шарушылығы жәрмеңкесіне қатысты. Алыстан ат терлетіп келген шаруалардың өнімі әп сәтте сатылып кетті. Арзан тауар алған тұрғындар да дән риза. Бизнесін енді бастаған жас кәсіпкерлер де өнімін жәрмеңкеде жарнамалады. 
Ала жаздай тыным таппаған шаруалардың еңбегі еленетін уақыт бұл. Күз келгенде жылдық азығын еселеп еңсерген диқандар бар байлығын жәрмеңкеде жайып тастады. Егінін жинап, төл басын кеңейткен еңбеккерлер жергілікті қожалықтардың ауыл шаруашылығы өнімін паш етті. Шаруалар үшін сауда павилондарының тегін берілуі де жақсы мүмкіндік болды. 
Төккен тері мен еткен еңбегі еленген шаруалар жағы риза. Жәрмеңкеге еттің түр түрін, тонналаған көкөніс пен сүт өнімін көпшілікке ұсынды. Ауылдық шаруалардың ірі қарасын ақтөбеліктер ілезде-ақ саудалап кетті. 
Қала базарындағы бағадан 10-15 пайызға төмен сатылған тауарларды таң сәріден таласа алып жатты. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды.  
Бұл күні қаланың бірнеше жерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. 50 -ге жуық шаруа қожалығының ең үздік, сұранысқа ие, сапалы өнімі ғана сөреге жайғасты. Жұмыртқа, өсімдік майы мен бал, шұжық пен ұн өнімдері де бар. 11 шағын ауданда өткен жәрмеңке сол аумақтағы "Халық сауда" дүкенінің ашылуымен тұспа-тұс келді.   Ел несібесін молайтқан жәрмеңке сенбі сайын ұйымдастырылатын болды. Қысқы азығын әлдеқайда төмен бағамен  сатып алған көптің қуанышында шек жоқ. 
Диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, қол жеткізген жетістігі жиналғандар алдында сараланды. Қысқасы, тынымсыз тірлігі жоғары бағаланды. Мұны босап қалған сөрелер мен қап-қап азықты арқалап бара жатқан қала тұрғындарының көрінісінен-ақ байқауға болады. Келушілер жәрмеңке жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін білдірді.   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...