ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САЛАСЫН ДАМЫТУ

17:31, 7 қараша 2018

Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін дамыту. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс шаруашылықтарына дәл осындай міндет жүктеп отыр. Қазір тұрғындар арасында да осы мәселе түсіндірілуде. Және фермерлерге мемлекеттік субсидия төленетін болады.

Ақтөбелік фермерлер ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес саласын дамытуға ден қойды. Бүгінгі таңда облыс аумағында қытай тауығы, тауыс, бөдене сияқты өңір үшін таңсық құстардың түрін өсіретін шаруашылықтар пайда болды. Ешкі сауып, сүт берген 53 қожалық, омарта ұстап, ара балын сатып отырған 17 шаруашылық бар. 38 фермердің үй қоянын асырап отырғаны және бар. Бұған Мәртөк ауданындағы марал шаруашылығымен айнысып, пантымен емдеу ісін жолға қойған құрылымды да қосуға болады. Бүгінгі күні мұнда 150 бас марал бар. Дәл осындай шаруашылықтарға мемлекет тарапынан субсидия төленеді. Дәлірек айтсақ, марал шаруашылығы бағытындағы жұмыстар үшін 750 мың теңге қаралған.

Шаруашылықтар  өндіріп отырған өнім сапалы және иморт тауарды ығыстыра алады. Дегенмен, оны сату мәселесі өзекті.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес саласын дамытып отырған 253 құрылым бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...