ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі

17:56, 17 шілде 2017

"Туған жерім - Нұрлы елім" акциясы аясында Ақтөбеде Әйтеке би ауданының күндері өтті.

Мерекелік бағдарлама ауыл шаруашылық жәрмеңкесімен басталды. "Табыс" коммуналдық базарында шаруа қожалықтарының өнімдері қойылып, 10-15 пайызға төмен бағамен сатылды. "Табыс" коммуналдық базарында бір күн бойы Әйтеке би ауданының кәсіпорындары мен ірі шаруа қожалықтары тауарларын әкеліп сатты. Ет, сүт өнімдері ақтөбеліктерге арзан бағамен ұсынылды.

Ауданның тауар өндірушілері өнімдерін молынан әкелген. Оның арасында соңғы жылдары құрылған өндірістік кооперативтердің еті мен сүті де бар. Кейбірі мемлекеттік қолдаудың арқасында ісін дамытып, дайын өнім шығаруды қолға алыпты. 

Нарықтағы бағамен салыстарғанда, әлдеқайда арзан болған ауыл өнімін қала тұрғындары ертемен келіп сатып алып жатты. Әсіресе, жылқы, қой еті өтімді болды. Түске дейінгі уақытта-ақ, коммуналдық базарға жеткізілген тауарлардың басым бөлігі өтіп кетті.

Бұл әйтекебилік шаруалардың алғашқы жәрмеңкесі емес. Жыл соңына дейін тағы да бірнеше рет Ақтөбеге өз өнімдерін әкелетін болады.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Аманжол Айтмағамбетов

 

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...