ШҰҒЫЛ! МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

17:40, 12 сәуір 2019

"Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасының мүшелері Темір ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. 3 күнге созылатын шарада медицина мамандары, теологтар және қоғам белсенділері халықпен кездеседі. Мәселелеріне мән береді. 


Темір ауданында балаларға арналған орталықтың жоқтығы Сәулехан Алдашеваны толғандыратын мәселе. Оның Шұбарқұдықта бөбектердің ойын орталығын ашуға арналған бизнес жобасы да дайын. Тек қана биліктен қолдау қажет. Осы жобасын алып, Сәулехан ақпараттық топ ұйымдастырған қоғамдық қабылдауға келді. "Даму" қорының мамандары мемлекеттік грантқа қатысуға кеңес беріп, өтінішін қабылдады.  

Темірге арнайы барған ақпараттық топтың 40-қа жуық мүшесі аудан активімен, жас мамандармен, дәрігерлермен, мектеп мұғалімдерімен кездесті. Өңірде 4 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы бүгінде жақсы нәтиже беруде,- дейді қоғам белсенділері. Мемлекеттік саясатты ондағы жаңашылдықтарды аудан, ауыл халқы билік өкілдерімен түрлі сала мамандарынан тікелей біліп, сұрай алады. Сонымен қатар, жоба аясында ұйымдастырылатын халықты оқыту семинарларының маңызы зор. 

Кездесу барысында елдегі соңғы саяси оқиғалар айтылып,  халық пікірін тыңдады. Алдағы кезектен тыс президент сайлауының маңызын түсіндірді. 

Темір ауданында діни көзқарас - күрделі мәселе. Теологтар қазір ауданда бірқатар жұмыстар жүргізуде. Олар қоғамдық қабылдауға келгендердің осы мәселе туралы сұрақтарына жауап берді. Ал ақпараттық топ құрамында ауданға барған дәрігерлер елімізде 2020 жылы енгілетін міндетті медициналық сақтандырудың мән-жайы түсіндірілді. Сала мамандарымен кездесу өткізді.

Ақпараттық топ өкілдері Кеңқияқ, Саркөл, Шұбаршы, Шұбарқұдық ауылдарында 150 шара өткізеді. 3 күн бойы әр саланың мамандары тұрғындардың мәселелерін шешу жолдарын қарастырады.
ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
19:32, 24 сәуір 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
18:36, 24 сәуір 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
19:06, 19 сәуір 2019
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
17:29, 23 сәуір 2019
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...