ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

АУЫЛ ЖАСТАРЫ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

17:03, 19 тамыз 2019

Хромтау ауданында спорт күні кең көлемде  аталып өтті. Ауыл жастары спорттың 10 түрінен жарысты. Жүлде қоры да ауқымды. Командалық есептегі жеңімпаз командаға ауылды абаттандыру жұмыстарына 1 миллион теңге бөлінді. Шара аясында ауданның спорт саласын дамытуға үлес қосып жүрген ардагер спортшылар марапатталды.  Ауыл жастарының спартакиадасына   ауданның барлық 14 округінен 300-ге жуық жас қатысты.  Негізгі спорттық жарыстар ауданның Дөң селолық окургіндегі жаңа мектеп базасында өтті. Мұнда  спорттық іс шараларды өткізуге барлық жағдай жасалған. Мектептің спорт залында  шахмат, волейболдан жарыс өтсе, сырттағы  алаңда асық ату, бестас, жеңіл атлетикадан турнирлер ұйымдастырылды. Дәстүрлі жарысты биыл хромтаулықтар жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арнады. Басты мақсат -салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастарының  спортқа қызығушылығын арттыру дейді ұйымдастырушылар. Елбасы әр  Жолдауында спортқа ерекше мән береді. Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кепілі деген болатын. Аудан бюджетінен биыл спорт саласын дамытуға қомақты қаражат қарастырылып,  өндірісті өңірдің барлық селолық округінде  волейбол, футбол алаңдары ашылды.Спартакиада  қорытындысы бойынша бас бәйге - 1 миллион теңге мен әкім кубогын Дөң селолық округінің командасы жеңіп алды, 500 мың теңге мен 2-ші орынды Көктаулық команда місе тұтса, 3-ші орын мен 300 мың теңге Бөгетсайлықтарға бұйырды. Спорт күнін кішкентай хромтаулықтар да атап өтті. Аудан орталығындағы "Төре"  бала бақшасының балақайлары "Тұлпар", "Сұңқар" деген командаларға бөлініп, боулингтен жарысты.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
22:18, 3 сәуір 2020
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар