ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ ИГІ ІС

15:24, 27 шілде 2020

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Мерейтойға орай жоспарланған мәдени шаралар кейінге шегерілгенімен, өзге шаруа ретімен жүріп жатыр. Хромтаудағы Абай ауылында бірқатар нысан салынып, көшеге асфальт төселуде. Халық көптен күткен көпір құрылысы да басталған. 

Көктем мен күзде халықтың аудан орталығына қатынауы қиындайтын. Екі ауылды жалғайтын бұл көпірдің құрылысы 1-ші маусымнан басталды. Қолданысқа берілген бойда мұнда келушілер қатары көбеймек. Себебі қатынас тоқтамайды. Қазір Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы негізінде 46 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 23-і Абай ауылының азаматы. 
 
Ауырғанда қайда барамыз? Қариялар үшін аудандағы ауруханаға жету қиямет. Бүгінде бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты. Ем қабылдайтын медпункт тұрғындарға көмек бере бастады.  Ал мына  жасыл алаңда  балалар мен егде жастағы ауыл тұрғындары құмары қанғанша доп тебеді. Қыста хоккей ойнайды. Ауыл кәсіпкерлері «Туған жерге тағзым» акциясы аясында салып берген. 
Ауылда 234 отбасы түтін түсетте, халықтың басым көбі кәсіппен айналысады. Мұнда ауыл әкімінен бастап әрбір тұрғын Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды

Ауылдың дамуына үлес қосып жүрген ел азаматтары әлі де атқарылатын жұмыстар көп екенін тілге тиек етті.

Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар