ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ ҚЫЗУ ТІРЛІК

19:17, 4 тамыз 2020

 Хромтау ауданы қарасты Ақжар ауылында игілікті іс көп. Қазір мұнда дене шынықтыру  кешені салынып жатыр. Екі ауысымда 80 адам тұрақты түрде спортпен шұғылдана алады. Биыл жол салуға да көп көңіл бөлінді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше көше асфальтталды. Ауыл жайын Гүлия Айтуғанова айтып береді. 
Құрылысшылар құлшына кіріскен бұл нысанның аяқталуын ақжарлықтар асыға күтіп отыр. 40 адамға лайықталған кешенде үлкен жаттығу залы мен түрлі үйірмелер жұмыс істейтін болады. Сәулетті спорт ғимараты келем деушілерге желтоқсан айында есігін айқара ашпақ. 
Ауыл жолы бұрынғыдай қауіпті емес. Жол сапасы жақсарды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 11 көше асфальталады. 7 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 4 көше  қайта жаңғыртылады.
Ақжарлықтар тынымсыз еңбекті бағалайды. Мұндағы әр жұмыс көпшіліктің көз алдында жүргізіліп жатыр. Кейбірі қызықтап, сапасын да бақылауды әдетке айналдырған.  
Ауылдың болашағы зор. Мұнда газ бар, орталықтандырылған су жүйесі жүргізілген. Жергілікті тұрғындар қаладан гөрі, туған жерін хош көреді. 

Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...