ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

АУЫЛҒА ГАЗ БАРАДЫ

19:11, 29 шілде 2020

Биыл - Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылы үшін табысты жыл. Жоспарлаған жұмыс сәтті іске асты. Ауылға газ құбыры тартылды. Мамандар қазір іске қосу, қолданысқа берудің қамымен жүр. Жеке үйлер мен білім ордасы, медициналық пунк толық газбен қамтамасыз етіледі. Ауданға барып келген тілшіміз Гүлия Айтуғанова шағын елдімекеннің жетістігі туралы айтып береді.
Отын жинау, от жағып, күл шығару. Ауыл тұрғындары бұл бейнеттен құтылады. Енді көгілдір отын рахатын көреді. 300-ге жуық адам тұратын бұл ауылда жастар жағы қалаға ағылса, ересектерінің туған жерден алыстағысы жоқ. Газ кіргенде алдымен сол ауыл қариялары қуанды. 
Газдандыру жұмысы 2-ші маусымда басталған.  Мердігер құбыр тартуды толық аяқтап, монтаждауды бастады. Бюджеттен 54 млн теңге қаржы бөлінген. 

Көгілдір отын күзде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Алдағы уақытта аймақтың ажары кіріп, тұрмысы жақсара түсетініне ауыл тұрғындары сенеді. Әсіресе жастардың тұрақтап қалуына бар жағдай жасалмақ. 
Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар