ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

"АВИАДАРТС" БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСҚАН ҰШҚЫШТАР АҚТӨБЕГЕ КЕЛДІ

18:47, 19 тамыз 2019

"Авиадартс-2019" халықаралық   байқауында  қазақстандық ұшқыштар жалпы командалық  есепте үшінші орын иеленді. Сайыс Ресейдің Рязань облысындағы Дубровичи әуеайлағында өтті. Экипаж- Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов әуе қорғанысы күштері институтының түлектері.  Қазақстан экипаждар құрамасының бұл жарысқа қатысуы алғаш емес. 2017, 2018 жылдары еліміздің майдан және армия авиациясының ұшқыштары  жүлделі орындарға ие болды. Экипаждардың барлығы  Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныш күштері әскери институтында білім алған. Солардың бірі Әзімбек. Түркістан облысының тумасы. Мамандығы - майдан ұшқышы. Отбасылы. Қазір Талдықорған әуе базасында командирі болып қызмет етеді. Бұл жарыста қазақ елінің ұшқыштары өз білімі мен біліктілігін көрсетті. Үйренеріміз әлі көп,-дейді ол.

ӘЗІМБЕК ЖҰМАНОВ /ТАЛДЫҚОРҒАН ӘУЕ БАЗАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Бала кезімде әліппе деген кітапта "Ғ" деген әріптің тұсында  Т. Әубәкіровтың суреті тұратын. Соны көріп армандадық. Міне, қазір ұшқыш болдық. Қазақстан ұшқыштарының деңгейі әлем ұшқыштарының деңгейінен кем емес. Біз бұл тәжірибемізді кеше болған сайыста көрсеттік. Біздің әр күніміз үйренумен өтеді. Ол жақтан үйренетін нәрселеріміз де бар.

Байқау Ресейдің Рязан облысында өтті. Халықаралық деңгейдегі әскери сайысқа Қазақстаннан бөлек, Ресей Федерациясы, Қытай халық республикасы, Беларусь мемлекеті қатысқан.  Рязан, Брянск және Калуга облыстарындағы үш аэродромда 100-ден аса ұшқыш ұшақтар мен тікұшақтардың 12 түрімен өнерлерін көрсетті.  300 сағат бойы  СУ-25, МИ-35, МИ-117 ұрыс ұшақтарымен ұқыштар сыннан өтті. Осы жедел жойғыш техникалардың ішіндегі ең үздігі СУ-30 СМ ұшағын біздің елдің экипаждары да тізгіндеп, әуеде әскери жаттығу көрсетті.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Сайыс шарты бойынша, әр команда 3 кезеңде екі жұп және бір резервтік шартымен барлау жүргізу, әуеден атқылау және спорттық, физикалық байқау арқылы өздерінің әуе кемелерінде өнер көрсеткен. 

НҰРЛАН САҚТАҒАНОВ /Т. БИГЕЛДИНОВ ӘУЕ-ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША БАС ОРЫНБАСАРЫ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

Төрт мемлекеттің ішінен 43 команда қатысты. Бұл 43 экипаж.  ҚР күштерінің жалпы команда бойынша үшініші орынға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте қазақстандық ұшқыштар командасы 3 орынға тұрақтаса, Ресей Федерациясының ұшу экипаждары 1 орынды алды. Ал 2 орын Қытай Халық Республикасына бұйырды. Айта кетсек, халықаралық "Авиадартс" байқауына ҚР Қарулы Күштері 2015 жылдан бері қатысып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
20:45, 23 қазан 2019
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
Толығырақ...
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...