ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ КӨТЕРГЕНДЕР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

20:39, 2 сәуір 2019

Бүгін облыстық мәслихатта аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясның кеңейтілген отырысы өтті. Соңғы уақытта  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  тауарларын негізсіз қымбаттау дерегі тіркелген. Халық қалаулылары ондай дүкен иесіне айыппұл салу қажеттігін айтып, өзара талқыға салды. 

Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда жергілікті өнімді басым тәртіппен сатуды қамтамасыз ететін бірқатар шаралар қабылданды.

АСҚАР КӨКЕЕВ

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

- Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында біздің арамызда меморандум бар. Бұл келесім аясында облыстың ішкі нарығын бірінші кезекте отандық өніммен қамтамасыз етеміз. Яғни,  облыстағы сауда желілері отандық тауар өндірушілердің өнімдерін тұтынушы тарапына ұсынады. алайда, кемшлік те жоқ емес. Біз бұл бойынша жұмыс істейтін боламыз.

Жеке кәсіпкер қалтасының қалыңдығын  ғана ойламай, тұтынушы жағдайын ескеру керек. Бұлай деуге негіз де жоқ емес. Мәселен облыста жыл басында бағаны негізсіз көтермеу үшін 700-ден астам меморандумға қол қойылды. Келісім-шартты бұзған сауда орындары бар. Мұндай жүйесіздік пен бірізділіктің болмауы халық алдында басшылықтың беделінің кетуіне әкеледі,-дейді облыстық мәслихат депутаттары.

СЕРГЕЙ ВИШНЯК

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

- Мәселен, сіздердің баға тұрақтанды, тауар арзандады деген мәліметіңізге сеніп қандай да бір сауда орнына барады. Бірақ бағаның шарықтап тұрғанын көреді. Бұдан кейін сіздердің жұмыстарыңызға көңілі қайдан толсын? Қалай халық сіздеге сенеді? ақпаратты бөлек, ал сідердің айтқандарыңыз мүлдем басқа. Мұны бір тәртіпке келтіру керек.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағаларын  тұрақтандыруға қатысты жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Депутаттар бөлшек саудада меморандумды бұзған жеке кәсіпкерлерді жауапқа тартып, жаңа келісім-шарт жасау қажет деген пікірде.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР, ҒАЛЫМЖАН ОРЫНОВ.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар