ШҰҒЫЛ! Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген Толығырақ

Бадамшада хоккей алаңы ашылды

16:16, 13 ақпан 2018

Қарғалы ауданының орталығында жаңа хоккей корты ашылды. Қажетті жабдықтармен қамтылған спорт алаңын "Туған жер" бағдарламасы аясында мектеп түлектері сыйға тартты. Ашылу салтанатына жиналған ауыл жастары ашық турнирге қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

Бұл пайдалануға берілген аудандағы кезекті хоккей алаңы. Бадамшадағы мектеп түлектері бірігіп, туған жерге осындай сый жасауды ұйғарған. Әрі ойыншыларға қажетті жабдықтарды да алып берді. Аудан орталығындағы аула клубы мекемесінің жанында орналасқан шағын мұз айдыны, тиісті талапқа сәйкес келеді. Енді мұнда мектеп оқушылары мен спортқа жақын тұрғындар хоккей ойнап, конки тебе алады. 

Хоккей алаңының ашылу салтанатында аудан жастары арасында ашық турнир өтті. Аудан әкімінің кубогі үшін өткен жарысқа барлық ауылдық округтердің командары қатысты. Мұз үстіндегі тартысты ойын көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Жастардың өнерін тамашалауға келген жанкүйерлерге мұнда ыстық шәй мен бауырсақ үлестірілді.  Ақтық сынға өткен Қосестек пен Ащылысай командалары арасындағы кездесу, ұзаққа созылды. Алайда айқын басымдылықпен Қосестек ойыншылары 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ал, үздік үштікке Бадамша агротехникалық колледжінің командасы да кірді. Турнир қортындысы бойынша спорт ардагерлері жүлдегерлерге дипломдар мен кубоктарға қоса, бағалы сыйлықтар табыс етті. 

Бүгінде аудандағы барлық мектептердің аулаларында мұз айдындары жасақталған. Бұл жастардың қысқы спорт түрімен шұғылдануына мол мүмкіндік жасап отыр. Негізінен, коньки, шаңғы тебу және хоккей ойнауға жастардың құлшынысы артқан. Ал, жыл соңына дейін аудан бойынша "туған жерге тағзым" акциясы аясында тағы да 5 спорт алаңы ашылады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар